Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (6)
(last modified Tue, 28 Mar 2023 15:16:17 GMT )
Нау 28, 2023 21:16 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (6)

«Макарем Ахлақ» дұғасы адамның  ең маңызды діни және ахлақ мәселелеріне дейін кішігірім мәселелерін ескеріп, Ұлы Алладан  адамның маңызды салаларда көтерілуін  және өсуін сұрайды.  Барша адамзат алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – өмірде дұрыс жолды таңдау және сол жолда қалу. Адамды бақытты ететін, материалдық өмірдің қауіп-қатерінен құтқаратын жол.

Имам Саджад (ғ.с.)  «Макарем Ахлақ» дұғасында: «Уа, Алла!  Мұхаммадқа (с.ғ.с.)  және Мұхаммадтың әулетіне (ғ.с.)  салауат айт және маған  басқа амалмен алмастырмайтын тура жол нәсіп ет және одан таймайтындай тура жол бер»,- деп сұрайды.    

Адамдарға тура жол көрсету – илаһи пайғамбарлардың маңызды ісі. Кейде  адам бір ғана кеңес арқылы түрленіп, құтқарылу жолын табады, ал кейде адам мыңдаған сөздер мен ақыл-кеңестер арқылы тура жолға түспейді. Адамның  өсу және кемелдік жолына түсуі  Алланың қолында және ол адамға шынайы және жақсы жол көрсетеді. Бұл жол  адамның рухани өсуі мен дамуына кедергі болатын ауытқулардан сақтайды.

Имам Саджад (ғ.с.) бізге Алладан шынайы жол ұрауды ғана емес, сонымен  бірге Одан бізді осы жолда тұрақты етуді сұрауды үйретеді.  Адамның ойы, иманы, сенімі, мінез-құлқы  мен іс-әрекеті әрқашан ауытқу қаупімен бетпе-бет келеді.  Бүкіл өмірін құлшылықпен, халыққа қызмет етумен өткізген, бірақ  бір сәтте  қателесіп, тура жолдан тайғандар, қандай өкінішті.

Ибн Мулжам Моради  түнгі  намазды оқып, сол уақытта хазірет Әлиді   (ғ.с.)   қылышпен ұрған адам. Зүбәйр  Пайғамбар (с.ғ.с.) мен Әлидің (ғ.с.) немере ағасы болған.  Ол Әлимен (ғ.с.)  бірге Пайғамбардың (с.ғ.с.) жолында кәпірлермен жылдар бойы  соғысып, Пайғамбар (с.ғ.с.) ол үшін дұға еткен.   Ол ірі моджахедтердің бірі болған, бірақ Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін оның лауазымға деген  сүйіспеншілігі оны соғыста мүміндердің  әмірі хазірет Әлиге (ғ.с.) қылыш көтеруге себеп болды. Сондықтан мүміндердің  дұғаларының бірі: «Уа, Раббым, бізді тура жолдан тайдырма».

Имам Саджад (ғ.с.) дұғаның жалғасында  Алладан сұрайды: «Уа, Алла! Менің  өмірім саған бағыну болғаннан,  мені тірі қалдыр, ал егер менің өмірім шайтанның жайлауына айналса, сенің қаһарыңа ұшырамайынша  жанымды ал»,-деп сұрайды.

Өмірді қалай өткізуге мән беру – дұғаның  осы бөлігінің маңызды тақырыбы.  Өмірдің ұзақтығы әрбір адам үшін белгісіз.  Шайтан шынайы мүміндерден басқаның барлығын адастырамын деп уәде еткен. Иә, біздің жанымыз бен жүрегіміз шайтан кіретін жер сияқты,   егер біз өмірімізді Алладан алыстап, Оған мойынсұнбаумен өткізетін болсақ, ондай өмір күнәлардың ауыртпалығын арттыра түседі. Сондықтан бұл түкке тұрғысыз өмір тезірек аяқталуы керек.  Адам ақыретке иман келтірсе, бұл дұға оның амалдарын түзетеді, өйткені ол өмірін  қалай және ол өз әрекетінің салдары туралы  ойланады. Ондай адам жүрегіне күмән мен күдік кіріп кетпеуі үшін жүрегінің шекарасын нығайтады және шайтанның азғыруларынан аман болады. Алла  қаласа.