Сәу 05, 2023 18:08 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (13)

Имам Саджадтың (ғ.с.) «Макарем Ахлақ» дұғасының тағы бір бөлігінен: «Уа, Алла! Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және хазіреттің отбасына (ғ.с.) салауат айт және маған қартайған кездегі ең жомарт күніңді нәсіп ет және мен шаршап, дәрменсіз қалған кезде, маған ең күшті күшіңді бере гөр. Мені өз қызметуде жалқау етпе, Өзіңнің жолыңды көруден мақрұи етпе,  махаббатыңа қайшы жүргізе көрме немесе сенен алыстағандарға қоса гөрме және саған қосылғандардан ажыратпа»,- деп оқимыз.

Ризық материалдық болсын, рухани болсын үздіксіз беруді білдіреді. Демек, пенделеріне берген ризық-несібесі, баспанасы, киім-кешектері немесе білімі, ақыл-парасат, иман, игілік барлығы Алланың ризығы.

Бұл нұрлы үзіндіде имам Саджад (ғ.с.) қарт адамдар белсенді және сергек жастар сияқты шаруашылықпен айналыса алмайтындықтан, Алладан қарттықта мол ризық сұрайды. Қартайған шағында адам физикалық және психикалық кемістікке шалдығады, сонымен бірге ол өзінің отағасы болғандықтан, оның үйі  балалары, келіндері және балалары,   күйеу баласы мен олардың ұрпақтары келіп-кететін орталық болады. Ол заманда адам намыстың, кісіліктің, ұлылықтың шыңында болғысы келеді, үйінің есігі баршаға ашық, дастарханы ағайын-туыс игілігіне жайылады. Ол күні адам ұялып, мінезі бұзылса, өте қиын болады. Осы себепті имам Саджад (ғ.с.) сол уақытта адамның абыройы жанұямен бірге сақталып, мұңайып, жалықпауы үшін ашықтық пен еркіндікті сұрайды.

 

Имам Саджад (ғ.с.) қартайған шағында ризық-несібенің мөлшері туралы сұрақтан кейін Алладан әлсіздік кезінде күш пен қуат сұрайды. Күш пен қуат адамды жалқаулықтан сақтайды. Жалқаулық өте зиянды және құлдық зиянкес болып саналады. Аллаға шынайы құлшылық етуші әрқашан құлшылық парыздарын ықыласпен орындайды, өйткені ынтасыз ғибадат пенденің білімін арттырмайды.

Дүниелік жамандықтың бірі – ғибадаттағы жалқаулық. Дүниелік адамды рухани істерге бей-жай қалдырады және имам Саджад (ғ.с.) бойынша соқыр етеді. Дұғасының жалғасында имам (ғ.с.) Алладан тура жолдан алыстап, сауап пен ізгілік жолында қозғалатындай дүниеге батып кетпеуін сұрайды. Табиғаты бойынша Аллаға жат жолға түсіп, тура жолдан аулақ жүрген кез келген адам өзін Алланың махаббаты деген ұлы нығметтен мақрұм еткен. Имам (ғ.с.): «Уа, Алла, сенің махаббатыңа, яғни Алланың қаһарына қайшы келетін ешнәрсеге бой алдырмауға көмектес, сонда мен сенің махаббатыңнан құр қалмаймын»,- деп тілеген. Адам Алланың сүйіспеншілігінің шеңберінен алыстаған кезде, ол Алладан да алыс және теріс жолмен жүрген адамдардың шеңберіне орналастырылады. Сондықтан имам (ғ.с.) бар жүрегімен Алладан оны Алладан ажырағандардың қасында емес, Алланың нұры мен махаббатына жалғанып, Алланың разылығына бөленетіндердің қатарына қосуын сұрайды. Иә, адам қаншалықты Алланың достарына жақын болса, соншалықты  олардың түсі мен иісін алады, Сондықтан Рамазан айының нұрлы күндері мен түндерінде жүректі нұрландырып, рухты сергіту үшін Құран мәжілістеріне қатысып, зікір айту арқылы қайырымды жандарға қосылайық.

Тегтер