Қыр 17, 2023 11:19 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбарының Меккеден Мединеге хиджрат жасаған күні

Раби ул аууал айының бірінші жұлдызында Исламның ұлық пайғамбары Меккеден Мединеге хиджрат жасап, сол түні имам Әли (ғ.с.) өз жанын қиып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) төсегінде жатқан.

Мүдделері қатерге тірелген  байлық пен билік иелері Исламның Меккеде пайда болуына төзе алмады. Олар әртүрлі тәсілдермен Исламға қарсы шығып, оның жалынын сөндіруге талпынып, мұсылмандарға қысым жасады. Дәл осы мәселе Исламның ұлық пайғамбарын мазлұм мұсылмандардың жағдайы туралы ойлануға мәжбүрледі. Хазірет хиджрат ету, яғни қоныс аударудан басқа жол таппады.

Пайғамбар (с.ғ.с.) қажылық кезінде кейін Медине деп аталған Ясребтің тұрғындарымен сөйлесті. Олар Алла елшісімен сөйлескен соң мұсылман болуға шешім қабылдады. Бірте-бірте Ясреб мұсылмандарының саны артып, топ-тобымен Пайғамбарға бият етті. Беғсаттың 13-шы жылындағы қажылық кезінде мұсылмандар саны 73 адамға жетті. Олар хазірет және хазіреттің серіктерін өз отбасыларындай қорғады.  Осы келісімнен кейін мұсылмандар Меккеден Мединеге қоныс аудара бастады. Олар хазіреттің бұйрығымен құрайыш мүшіріктерінен жасырын жеке және топ түрінде Ясребке аттанды. Меккеде Пайғамбар және хазіреттің бірқатар серігі мен әйелдер және қарттардан басқа ешкім қалмады.  

Ясреб біртіндеп Алла елшісі мен хазірет серіктерінің панажайына айналып, құрайыш басшыларының ашу-ызасына себеп болды.  Сондықтан жасы қырықтан асқан құрайыш үлкендерінің қырық адамы Дароннодух деген жерде жиналды. Олар Медине халқының Мұхаммадқа (с.ғ.с.) бият еткеніне наразы болды. Абуджаһл басқалардан бұрын сөз бастап, Мұхаммадты (с.ғ.с.) өлтіретін адамды сайлау керек деді. Басқа бір адам Пайғамбарды тұтқындап, өмірінің соңына дейін қамауда ұстауды ұсынды. Бірақ бұл ұсыныстың ешқайсы қабылданбады. Келесі бір адам «Пайғамбарды қудалау» туралы ұсыныс жасады. Бір қарт адам әр тайпадан бір бір батыл адамнан сайлап, төсегінде жатқан Мұхаммадқа (ғ.с.) бірге қылыштарын сермеуі керек деді. Сонда хазіретті кім өлтіргені белгісіз қалып, Хашим әулеті бүкіл тайпамен соғыса алмай, тек қанның құнын төлетуге келіседі деді. Бұл ұсынысты барша қабылдады. Қылмыс раби ул аууал айының бірінші түні іске асырылатын болды.

"Ләйләт әл-Мабит"

 

Раби ул аууал айының бірінші түні келді. Мекке мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) үйі түн қараңғылығына бөленді. Қырық адам Мұхаммадтың (с.ғ.с.) үйін қоршап, жасырынып, ішке қарап тұрды. Олар хазірет өз орнында демлып жатыр деп ойлап, таң білінісімен қолдарына қылыштарын алып, үйдің ішіне басып кірді. Бірақ Пайғамбардың төсегінде жатқан Әлиді (ғ.с.) көріп, Алла елшісінің қоныс аударғанынан хабардар болды. Имам Әли (ғ.с.) Пайғамбарды (с.ғ.с.) құтқару үшін   хазіреттің орнына төсегіне жатқан раби ул аууал айының бірінші түні  «Ләйләт әл-Мабит», Пайғамбардың (с.ғ.с.) Ясребке жасаған хиджратымен бұл қала «Мединат ән-Наби» деп аталды. Пайғамбардың Мединаға келуі қаланың кеңістігіндегі самал жел сынды есіп, баршаның бақытты сезінуіне себеп болды. Пайғамбар раби ул аууал айының 12 жұлдызында Мединеге жақын жердені Қоба ауылына барды. Кейбір тарихи кітаптарда Алла елшісінің Қобаға енгені туралы: «Пайғамбар мен сахабалары Қобаға жақындаған кезде ақ киім киіп, бекінісітің үстінен Пайғамбар мен қасындағыларға қарап тұрған яһудиді көреді. Бұл адам мұсылмандардың Алла елшісі мен сахабаларын күтіп жүргенінен хабардар еді. Ол келе жатқан жолаушылардың мұсылмандар күтіп жүрген адамдар екенін түсініп: «Күтіп жүрген адамдарың келді»,- деп айқайлайды. Медине халқы бұл хабарды естіп, топ-тобымен Қобаға қарай асығып, сахабаларымен ағаштың көлеңкесінде отырған хазіретке жақындайды. Халық Пайғамбардың келгені туралы хабарға қуанып, хазіретті күтіп алу үшін қаланың сыртына шығады. Кейбір әйелдер мен балалар: «Наби келді, Алланың елшісі келді»,- деп қайталайды.

 

Пайғамбар мінген түйе Ясребке енген кезде халық оны қоршап алады. Медине тайпаларының басшылары мен ақсақалдары Пайғамбарды қарсы алып, хазіретті үйлеріне шақырады. Бірақ Пайғамбар: «Түйенің жолын ашыңдар»,- деп сұрайды. Халық жолдан кетіп, түйе жолын жалғастырып, әртүрлі жерден өтіп, Мединенің ең кедей аймағында, қаланың ең жарлысы Абу Аюб Ансаридің үйінің қасына тоқтайды. Пайғамбар түйесінен түседі. Көп адам хазіретті қоршап, әрқайсы өз үйіне шақырды. Абу Аюб Ансаридің анасы Пайғамбардың заттарын үйіне апарады. Халықтың қоршауында тұрған хазірет: «Заттарым қайда?»- деп сұрайды. «Абу Аюбтың анасы өз үйіне алып кетті»,- деген жауап естиді. Пайғамбар заттарын апарған үйге баратынын айтты. Сөйтіп Алла елшісі Абу Аюбтың үйіне еніп, мешіт пен өз үйі салынғанша, осы үйде тоқтайды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл туралы: «Пайғамбар тайпалардың басшылары мен ақсақалдары, қаланың байлары мен ақсүйектерінің шақыруын қабылдамай, Абу Аюб Ансаридің үйіне еніп, өзінің қоғамдық ұстанымын көрсетті. Яғни, бұл адамның ақша, байлық пен билікке тәуелді емес екені белгілі болды» деді.  

Пайғамбар дәл осы жерде қай топ пен қай тап және қандай адамның мүддесін қолдайтынын көрсетті. Барша Пайғамбардың өзі мен оның тағылымынан пайда көрді. Бірақ мақұрым топтардың құқықтары көбірек қорғалды. Абу Аюб Ансаридың үйінің қасында бос жер болған еді. Хазірет бұл жердің иесі бар ма деп сұрады. «Екі жетім баланыкі»,- деген жауап алды. Хазірет сол жерді сатып алып: «Бұл жерде мешіт, яғни саяси, ғибадат, қоғамдық және үкіметтік халық жиналатын орталық саламын»,- деді. Сөйтіп мешіттің құрылысы басталды. Хазірет мешіт орналасатын жерді сатып алды. Ата-анасы жоқ балалар мен олардың мүдделерін қорғады. Мешіт салу туралы шешім қабылданған соң хазірет қолына күрек алып, мешіттің орнын қазуды бастады. Қасында отырған кейбір адамдар: «Біз отырып, Пайғамбар жұмыс істей ме? Біз жұмыс істейік»,- деп құрылысқа кіріседі.

Адамзат қоғамын билеген зорлық-зомбылықпен күресіп, исламс жүйесінің негізін қалап, тарихтың бүкіл кезеңдеріне үлгі болу үшін Пайғамбар Мединеге хиджрат жасады.  Хиджраттың ең маңызды нәтижесі Алламен сырласып, өз міндетін атқаратын жерге ие болды. Құран кәпірлер сапында қалып, қорлықты қабылдаған мұсылмандарды айыптап, Алла үшін хиджрат жасағандар туралы:  «Кім Алла жолында ауа көшсе, көптеген кең қоныс және кеңшілік табады. Сондай-ақ біреу үйінен Аллаға, Пайғамбарға бола шықса да, оған өлім жетсе, сонда оның бодауы Алланың өзіне тән болады. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді»,- деді. («Ниса» сүресі, 100-ші аят).

 

 

Тегтер