Сайлау науқаны 1: Иранның Конституциясындағы Мәжілістің орны мен рөлі
(last modified Sun, 14 Feb 2016 12:58:55 GMT )
Ақп 14, 2016 18:58 Asia/Almaty
  •  Сайлау науқаны 1: Иранның Конституциясындағы Мәжілістің орны мен рөлі

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы кезеңінің, сондай-ақ діни жетекшінің Эксперттер мәжілісінің (Хобрегон мәжілісі) 5-ші кезеңінің сайлаулары 26-шы ақпанда өтеді.

 Ирандағы Мәжіліс пен парламенттік жүйенің рөлі қандай? Елдің Конституциясында бұл орган туралы не айтылған? Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары тікелей және жасырын дауыспен сайланады. Иран Конституциясының 76-шы бабы Мәжіліске елдің барлық істерін бақылауға алу құқығын берді. Депутаттардың ықтиярлары  Иранның Конституциясындағы Мәжілістің орнының маңыздылығын көрсетеді. Бұл ықтиярлардың бірі бойынша Мәжіліс өкілдері өз міндеттерін орындап, өз пікірлерін білдіруде толық азат. Яғни, олар өз пікірлерін білдіргендері үшін қудаланбайды немесе өздерінің өкілеттіктерінен айрылмайды. Ислам республикасы жүйесіндегі   Ислам Кеңесі Мәжілісінің рөлімен толық танысу үшін Мәжіліс депутаттарының міндеттемелерімен танысу керек. Иранның Парламентіндегі депутаттар оларға берілген ықтиярлары мен міндеттерінің негіздеріне қарай маңызды жұмыстар атқарады. Мәжіліс депутаттары және Ислам Кеңесі Мәжілісінің екі негізгі міндеті бар: бірінші міндеті – заң шығару, екінші міндеті – бақылау жүргізу. Иран Конституциясының 71-ші бабы бойынша «Кеңесі Мәжілісі  Конституцияның шеңберінде барлық мәселелерге тиісті заң шығара алады». Осыған орай ұсыныс және заң жобасы ретінде Мәжіліске тапсырылады. Бұл жоба үкімет тарапынан заңды кезеңнен өткеннен кейін заң түрінде бекітілу үшін мәжіліске тапсырылатын шешім. Жоба  – Мәжілістің немесе облыстар жоғары кеңесінің кемінде 15 өкілі тарапынан тапсырылатын ұсыныс. Бюджет туралы заң, халықаралық келісімдер, шекараларды өзгерту немесе соғыс сынды төтенше жағдайда  мемлекетке қажетті шектеулерді енгізуге қатысты заңдарды бекіту Мәжіліс депутаттарының келесі міндеттеріне жатады. Ислам Кеңесі Мәжілісі заң шығару міндетімен бірге бақылау міндетіне де ие. Конституцияның 133-ші бабы бойынша министрлерді президент сайлағаннан кейін сенімділік даусына ие болу үшін олар Мәжіліске таныстырылады. Мәжіліс ұсынылған адамның әрқайсының депутат болуға жарамды, жарамсыздығын жариялауға міндетті. Иран Конституциясының 76-ші бабы бойынша, «Ислам Кеңесі Мәжілісінің елдің барлық істерін бақылауға алу құқығы бар». Осыған орай Мәжіліс  мемлекеттің барлық бөлімдерін, тіпті министрліктер мен үкіметтің жұмыстарын да бақылай алады. ИИР Конституциясының бабы бойынша мемлекет қоғамдық дауысқа сүйеніп, басқарылуы керек. Конституция негізі бойынша Иранның Ислам республика жүйесінде Мәжіліс жүйе мен Конституцияның негіздерін қорғау саласында өте маңызды әрі кең ауқымды ықтиярларға ие. Расында мәжілістің халық сайлаған депутаттарының заңдар түрінде ұсынылып содан соң бекітілген жұмыстары көптеген шешімдердің, заңдар мен бағдарламалардың өзегі деп айтуға болады. ИИР-ның заңдары бойынша Ислам Кеңесінің Мәжілісі Ислам республикасы  қабылдайтын маңызды жүйені реттейтін орган және әртүрлі, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, саяси, үгіт-насихат, әскери, ахлақи және сот салаларындағы  қоғамның барлық қажеттіліктері үшін исламдық заңдарды бекітеді. Бұл орган заң шығарушы орган болып саналады.

Ислам Кеңесінің Мәжілісі шын мәнінде халықтың даусының нәтижесі. Сайлау үміткерлері мен дауыс берушілерінің  шарттары мен сайлаудың сапасы заңда анықталған. ИИР Конституциясындағы заң шығарушы органның міндеттері мен ықтиярларын анықтаудың маңыздылығы сондай, оның негіздерінің үштен бірі соған арналған. Бұл ықтиярлар Ислам Кеңесі Мәжілісіне ерекше әрі үздік жағдай сыйлады. Сондықтан Мәжіліс Ислам республикасы жүйесінде барлық істердің басында орналасып, ИИР-ның Конституциясының 59-шы бабы бойынша Мәжіліс елдің шешім қабылдайтын ең маңызды органы саналады. Ислам Кеңесі Мәжілісі өткен 9 кезеңінде әрқашан дер уақытында құрылды. Ислам республикасы жүйесіндегі Мәжілістің маңызды  рөліне байланысты мемлекет еш уақытта Мәжіліссіз қалмады. Иран Конституциясының 63-ші бабы бойынша Ислам Кеңесі мәжілісінің депутаттары  4 жылға сайланады. Әр кезеңнің сайлауы  уақыты аяқталмай өткізіліп, мемлекет еш уақытта Мәжіліссіз қалған жоқ. Бүгінде Ислам Кеңесі Мәжілісі депутаттарының саны – 290 адам. Хиджри шамси күнтізбесінің 1368-ші жылғы (1989 ж.) референдумынан әр 10 жылдан кейін адами, саяси, географиялық және басқа факторларға байланысты  депутаттардың саны ең көп дегенде 20 адамға арта алады. Зардушттер мен яһудилер бір-бір өкілден, ассириялықтар мен калдони христиандар да  ортақ бір өкілден, оңтүстік және солтүстік армяндар да бір өкілін Мәжіліске  сайлайды. Ислам Кеңесінің Мәжілісі Конституцияда белгіленген шеңберде жалпы мәселелерге қатысты заңдар шығара алады. Конституцияның 72-ші бабы бойынша Ислам Кеңесі Мәжілісі елдің Конституциясындағы  негіздер мен ресми діни ахкамға қайшы заңдарды шығара алмайды. Бұл мәселені анықтау 96-шы бап бойынша Сақшылар кеңесінің міндетінде. Заңдардың жобасы министрлер кабинетінде бекітілген соң Мәжіліске тапсырылып, кемінде 15 депутат ұсынған заң жобалары Ислам Кеңесі Мәжілісінде қарастырылады. Конституцияның 122-ші және 137-ші негіздері бойынша министрлер мен президент Мәжіліске жауап береді. Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары оларға сұрақ қояды. Ислам Кеңесінің Мәжілісі депутаттары қажет болса министрлер кабинетін немесе министрді отставкаға жібере алады. Мәжіліс сенімсіздік даусын жариялай алады. Егер Мәжіліс сенімсіздік жарияласа, сол министр немесе министрлер кабинеті жұмысын тоқтатады. Егер Ислам Кеңесінің Мәжілісі депутаттарының үштен бірі атқарушы органның басшысы президентті жауап беруге шақырса, ол бір айдың ішінде Мәжіліске келіп, баяндалған мәселелерге қатысты жеткілікті анықтама беруге міндетті. Қарсылас және жақтас  депутаттардың сөздері және президенттің жауаптарынан кейін депутаттардың көпшілігі, яғни үштен екі бөлігі президентке «біліксіз» деген дауыс берсе, ол тұжырым Конституцияның 110-шы бабының 10-шы бөлімі бойынша діни жетекшіге жеткізіледі. Мәжілістің, атқарушы немесе сот органдарының жұмыс тәсіліне наразы кез келген адам  өз шағымын жазбаша түрде Ислам Кеңесінің Мәжілісіне тапсыра алады. Мәжіліс бұл шағымды  қарастырып, тиянақты жауап береді. Ислам Кеңесі Мәжілісінің барлық шешімдері Сақшылар кеңесіне тапсырылады. Сақшылар кеңесі 10 күннің ішінде негіздердің Ислам мен Конституцияның заңдарына сай болуын қарастырады. Егер оны аталмыш негіздерге қайшы деп білсе, қайтадан талқылауға Мәжіліске жібереді. Конституция бойынша Сақшылар кеңесі Мәжілістің шешімдерінде Ислам  ахкамы мен Конституцияның негіздерін толық сақтау үшін діни ғалымдар және заңгерлерден құрылады. Сақшылар кеңесіне діни жетекші сайлайтын күнделікті және заманның мәселелерінен хабардар,  әділ діни ғалымдар кіреді. Сондай-ақ, Жоғары Сот тарапынан Ислам Кеңесі Мәжілісіне алты заңгер ұсынылып, мәжілістің даусымен сайланады. Сақшылар кеңесі 12 мүшеден құрылады. Ислам Кеңесі Мәжілісінің шешімдерінің  Ислам ахкамына сай болуын немесе болмауын Сақшылар кеңесінің діни ғалымдары анықтайды, ал Конституция негіздеріне қайшы келуін Сақшылар кеңесі мүшелерінің көпшілігі анықтайды. Сақшылар кеңесі діни жетекшінің Эксперттер мәжілісінің, президенттік, Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауларын бақылау міндетіне ие.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің бірінші кеңесі 1980-ші жылдың маусым айында Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің жолдауымен ашылды. Ислам Кеңесінің Мәжілісі шын мәнінде Иран халқының жігерінің көрінісі.   Конституцияның 84-ші бабы бойынша депутаттар барлық халықтың өкілдері саналады. Ислам Кеңесі Мәжілісінің құрамына кіретін депутаттар халықтың алдында жауапты.