Қаң 02, 2024 20:57 Asia/Almaty
  • Отан сарбазы (4)

Сардар Сүлейманидің жеке басы, басқару стилі және командалық стилі - бұл бір адамнан тыс тақырып

 

 

Ол Керманда  Саролла күштерімен қоштасып, Құдс күштерін басқару үшін Теһранға аттанды. Теһрандағы таныстыру рәсімінде ол: «Бүгін келе жатқанымда, сөмкемде ештеңе жоқ екенін көрдім. Шәһидтік ғұсылын алып, сосын Аллаға тәуекел еттім. Мен бұл жолда абыройлы боламын деп үміттенемін»,- деді.

Құдс күштерінің қолбасшысы болып тағайындалған күннен бастап екі жылға жуық жағдайды  бұрынғы басқару тәсілімен басқарды. Осы кезеңде ол өзінің жаңа жауапкершілігін, оның ұстанымын терең біле отырып, міндетін жалғастыру мақсатында тарихи және соғыс мәтіндері саласында кең де ауқымды зерттеуге кірісті. Ол оқуда өзі жұмыс істей алатын елдердің немесе аймақтардың көрнекті авторларының романдарын оқуды да назардан тыс қалдырған емес. Мәселен, Ресейге кетіп, Путинмен кездеспес бұрын Путин мен ресейлік әскери қолбасшылардың мәдениеті мен шығу тегін түсіну үшін Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» кітабын оқып шыққан. Жақында ол Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздықты» оқып жатқанын айтты. Елдің көрнекті жазушыларының романдарын да сол қоғамның жүрегі мен тарихынан хабардар етіп, нақты мәлімет беретіндіктен таңдаған.

Генерал Сүлейманидің жеке басы, басқару стилі және әмірлік стилі – бір кісіден тыс тақырып, шын мәнінде генерал Сүлеймани – Ислам революциясынан туындаған басқару идеясының объективті көрінісі. Былайша айтқанда, оны Ислам революциясы стилінің сақшысының объективті үлгісі ретінде қарастыруға болады.

Сардар Сүлейманидің Құдс күштеріне қолбасшылығының жарқын жерлері болды. Соның ішінде Ливандағы Хизболла мен Палестина   топтарын күшейту. Оның нақты көрінісі көптеген шайқастарда болды, соның ішінде Ливан Хизболласы мен сионистік режим арасындағы 33 күндік соғыс және Израильдің қарулы армиясына қарсы Газадағы 22 күндік соғыста палестиналық жауынгерлердің жеңісі.

Батыстың жаңа қыршынымен және кейбір елдердің қаржылық қолдауымен аймақта ДАИШ пен Джабхат ан-Нусра сияқты тәкфиршіл лаңкестік топтардың құрылуына себепші болған генерал Сүлеймани жаңа миссия тапты. Бұл Ирак пен Сирияның екі еліндегі осы қауіптермен күресу болды. Сүлеймани Иракта «Хашд аш-Шааби» және Сирияда «Басидж әл-Мади» (ұлттық қорғаныс күштері) құрды. Солардың көмегімен және Сақшылар корпусы Құдс күштерінің нұсқауымен және кеңесімен 6 жыл ішінде осы екі елдегі лаңкестердің барлығы дерлік жойылды.

Негізінде Сирия мен Ирак үкіметтерінің ресми өтініші бойынша осы екі елге барған ол және оның әскерлері Дамаск пен Бағдадтың құлауының алдын алды.  Сондай-ақ, Мәскеуге бару арқылы Ресей әскерінің Сириядағы ұрыс даласына кіруіне үлкен рөл атқарған. Дұшпандардың Сирияны күйретудегі басты мақсаттарының бірі Иран мен Ливан Хизболласының арасындағы байланысты үзу болды. Бірақ ДАИШ-тің жеңілуімен және Құдс күштерінің Сирия мен Ирактағы рөлімен «Қарсыласу» деп аталатын күшті  құрып, Иран, Ирак, Сирия, Ливан және Палестина тізбегін байланыстырды. Бұл мәселе Америка мен Израильдің еркіне қайшы екені даусыз. Бірақ  Қасем Сүлейманидің қолбасшылығының тереңдігінде және Сирия мен Иракта халық мобилизациясының қалыптасуымен бұл мәселе шындыққа айналып, Пасдаран, Фатемиюн, Зейнбиюн, Хейдариун және т.б. топтар құрылды.

Қарсыласу майданының бір жауынгері оны былай сипаттайды: «Ол ешқашан майданға әскери киіммен келмеген. Ол қарапайым көйлек киді, оны да хаки шалбарының үстіне тастады, өте қарапайым. Бірде жиекті қалпақ киіп, бірде басына орамал жапқан. Оқ пен снарядтың астында ол ең қауіпті аймақтарға қадам басты. Ол далаға келгенде күрескерлер жаңа өмірге ие болды. Қарсыласу қолбасшысының сапта тұрғанын, оның тыныс-тіршілігімен күресіп жатқанын көргенде, олар жігерленді. Мұны кішіпейілділік, батылдық немесе командалық басқару немесе кез келген нәрсе деп атаймыз. Қалай десек те, Қажының қылығы америкалық жауды ла таңырқатты".

АҚШ ОББ-ның бұрынғы офицері Мэг Уайр   майдан шебінде қажы Касымның суретін көргенде: «Оқ өтпейтін жилетсіз соғысып жүрген жас сарбаз атасымен құрдас командирін майдан даласында, оқтың ортасында жейде киіп көргенде қалайша жігерленбейді? Бұл солдат үшін бұл адамда қорқыныш жоқ, біз де солай болуымыз керек деген шабыттандыратын хабар». Букамал  ДАИШ-тің соңғы базасы болды.  Букамал қаласы Сирияның соңғы нүктесі болып табылады және Ирак пен  Әл-Каим  қаласымен шекаралас жерде орналасқан. Букамал қаласында ДАИШ-тің төрт мыңға жуық күштері соғысуға дайын болды. Бұған дейін қажы Қасым Иранда ДАИШ-тің қолына түсіп, оны аяусыз кескілеген шәһид Мохсен Хаджаджидің рәсімінде ДАИШ-ті үш айдан аз уақыт ішінде жойып жіберетінін мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдемеден кейін ДАИШ алты ай бойы барлық адамдық күштерін, оқ-дәрілері мен азық-түліктерін жабдықтап, ұзақ және толық ауқымды операцияға дайын болды.

Бұл өте ауыр соғыс болды, осы соғыстың ортасында Қасым қажы әкесі Алланың рақымына бөленді. Қажы Қасым үш күнге Иранға келуге мәжбүр болды. Осы үш күнде ДАИШ қажы Қасымның сахнада жоқ екенін түсініп, жаңа күшке ие болды. Соғыс жағдайы өте қиындап, кей жерлерде соғыс ДАИШ-тің пайдасына жүріп жатты. Бірнеше күннен кейін Қасым қажы қайтып оралған соң, жалғыз өзі мотоциклге мініп, ДАИШ басып алған Букамал  қаласына барды және оған аймақты анықтауға бір сағаттан бір жарым сағатқа жуық уақыт қажет болды. Содан қайтып келіп, қажетті бұйрық беріп, балалар ілгерілей бастады, Қасым қажы мен оның сарбаздары  Сақрия ауылына кіріп, Букамалдың артынан операция жасап,   қалаға кіреді. Ақыры сол өте қиын операцияда жол ашылып, Сирия әскері аймаққа кірді. Бірнеше күннен кейін қоршау бұзылып, ДАИШ шөл далаға қашып, олардың көпшілігі тұтқынға алынып, өлтірілді. Осы жеңістен кейін генерал-лейтенант қажы Қасым Сүлеймани революция жетекшісіне жазған хатында ДАИШ бақылауының аяқталғанын хабарлады. Осы хаттың бір бөлігінде былай деп айтылды: «Сарбаз ретінде осы   америкалық-сионистік топтың туын түсіріп, Сирияның туын көтеру арқылы ДАИШ-тің соңғы тірегі Әбу Камалды азат ету операциясының аяқталуымен бұл қарғыс атқан зұлымның билігі аяқталғанын жариялаймын. Барлық қолбасшылар мен аты-жөні белгісіз моджахедтер мен мыңдаған шәһидтер мен ардагерлер,   мұсылмандардың өмірі мен   олардың қасиетті жерлерін қорғау үшін құрбан болған ирандық, ирактық, сириялық, ливандық, ауғандық және пәкістандық ержүректердің атынан мен ислам революциясы жетекшісі және Исламдық Иранның халқын және Ирак пен Сирияның езілген халықтарын және басқа да әлем мұсылмандарын осы өте ұлы және шешуші жеңісімен құттықтаймын".   

Үлкен әскери интеллектке ие және  аймақтық дағдарыстарды шешудегі сардардың таптырмас рөлі мен жауларға қарсы тұрудағы батылдығы шетелдік және отандық БАҚ-та «Көлеңке командирі», «Халықаралық генерал», «Аруақ қолбасшы», «Жұмбақ қолбасшы», «Израиль түні», «Заманның Малек Аштары», «Генерал қажы Қасым» деп аталуы осы жоғары дәрежелі қолбасшыны  сипаттайды.

Күмәнсіз ол Иранның қауіпсіздігіне атсалысқан маңызды адамдардың бірі болды. Сардар Сүлеймани иман мен батылдық күшін пайдалана отырып, Ислам республикасы жүйесінің мақсаттары мен жәбірленушілер мен Палестина азаттығын қорғау стратегиясын жаһандық ауқымда және толық билікпен ұстанды. Қасым Сүлеймаеидің сенімі мен батылдығы, әскери тактиканы жүзеге асырудағы және дұшпанның жоспарын бұзудағы шеберлігі мен зерделілігі оны Ислам мен Ислам революциясының сарбаздарының бірі ретінде танымал етті.

 

Тегтер