«Фаджр» онкүндігі 10: Ислам революциясы және қарсыласу майданы
Зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы тұру, бұзақылармен күресу және әлемнің мазлұмдарын қолдау – Иран Ислам революциясының идеалдарының бірі.
Иран халқының даңқты революциясы жоғары ислами мұраттар мен құндылықтар негізінде қалыптасып, оларды насихаттап, ілгерілетіп отырғаны даусыз. Бұл илаһи мұраттарды басқа елдердің халқы әу бастан-ақ байқап, құптап, олардың көпшілігі осы исламдық қозғалысқа бейім болды. Олар революцияның ұлы жетекшісі Имам Хомейнидің (р.а.) жоғары дәрежелі дінбасы және еліктегіш беделі ретінде көздеген Исламның тек ғибадат пен Исламның кейбір ережелерімен ғана шектелмейтінін түсінді. Керісінше, ол исламның саяси-әлеуметтік аспектісін және оның зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы тұруын және залымдармен күресуді маңыздырақ деп санайды. Осылайша, езілген және үстемдікке ұшыраған халықтардың, мұсылман болсын, мұсылман емес болсын, революцияның үстемшілдермен ымыраға келмеуін қолдап, оларға ілесуі заңды еді. Басқа жағынан, Иран Ислам Республикасы да осы прогрессивті және революциялық көзқарасты әлем халқына насихаттау және түсіндіру және мазлұмдарға қолдау көрсету міндетін білді.
Иран Ислам Республикасы Конституциясының 154-бабында былай деп айтылды: «Иран бүкіл адамзат қоғамындағы адам бақытын өзінің идеалы деп санап, тәуелсіздік, еркіндік және ақиқат пен әділеттілік билігін бүкіл әлем халқының құқығы деп таниды. Сондықтан басқа ұлттардың ішкі ісіне араласудан толықтай аулақ бола отырып, әлемнің қай түкпірінде болса да езілгендердің үстемшілдірге қарсы әділ күресін қолдайды». Бұл қағиданың маңызды тұсы Иранның елдердің ішкі істеріне араласпай, іс жүзінде үгіт-насихат әрекеттері арқылы әртүрлі салаларда ағарту және хабардар ету арқылы мазлұмдарға қолдау көрсетуі болып табылады.
Ирактың диктаторы Саддамның Иранға қарсы енгізген соғысы Иран Ислам Республикасының тек осы басқыншыға ғана емес, сонымен қатар оның бүкіл әлемдік қолдаушыларына қарсы басқыншылық пен үстемдікпен қарсыласуының айқын көрінісі болды. Осы сегіз жылға созылған соғыс кезінде Имам Хомейни «Басидж Мустафафин» деген атпен ұйым құрды және оның құрамында ержүрек, халықтық, діни және революцияшыл күрескерлер болды. Бұл ерік күштер Саддам армиясының әскери агрессиясына тойтарыс беру және оның жеңіліске ұшырауында үлкен рөл атқарды. «Басидж» деп аталған бұл адамдар шын мәнінде исламдық ой-пікірлердің озбырлық пен қысымға қарсы тұрудың символы болып табылады.
Имам Хомейни көзқарасы бойынша бұл революциялық ұйымның қызметі мен сипатының маңыздылығы соншалық, ол оны әлемнің басқа аймақтарында кеңейтуге шақырды және былай деді: «Ислам әлемінің басидждері ұлы исламдық үкімет құру туралы ойланулары керек және бұл мүмкін, өйткені Басидж тек исламдық Иранмен ғана шектелмейді, ол бүкіл әлемде қарсыласу орталарын құрып, Шығыс пен Батысқа қарсы тұруы керек». Басқа жағынан, ішкі езгі мен бөгде үстемдік пен отаршылдық жағдайында болған басқа елдердегі халық басидждерді үлгі тұтып, бірте-бірте өсіп, дамып, «Қарсыласу майданы» деп аталатын күшке айналды. Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы халықтық күшті мадақтап: «Соңғы онжылдықтарда Батыс Азия аймағында қарсыласудың қалыптасуы осы аймақтың ең берекелі құбылысы болды және бұл майдан аймақтың тағдырын өзгертетінін көрсетті»,- деді.
Қарсыласуға негізделген мүше топтардың оларды ерекше ететін кейбір көрнекті ерекшеліктері бар. Олардың бірінші сипаты – үстемшіл үкіметтердің езгілері мен ысырапшылдығына қарсы күресу және олардың дұшпандықтары мен айла-амалдарына қарсы табандылық көрсету. Олардың тағы бір ерекшелігі - танымал базаның болуы. Қарсыласу топтарының мүшелері халықтың жүрегінен көтеріліп, өз мұраттарын жүзеге асыру үшін күресуде, сондықтан олардың қолдау табуы заңдылық. Бұл кең таралған және терең халық қолдауын Ливан Хизболласы, Ансаролла басқаратын Йемен үкіметі, Ирактың қарсыласу топтары және Хамас пен Палестинадағы Исламдық жиһад қозғалысы жағдайында көруге болады. Бұл Газа тұрғындарын сионистік режимнің айуандық бомбалауына қарамастан ХАМАС-ты қолдауды жалғастыруға мәжбүр еткен халықтың негізі. Бірақ қарсыласу топтарының өте маңызды болып табылатын үшінші сипаты – Алла Тағаланың жәрдеміне сенім артып, сүйену.
Қару-жарағы дамыған Америка, Израиль сияқты аяусыз жаулармен бетпе-бет келген бұл топтардың мүшелері ең қиын жағдайда үміттерін үзбейді. Оларды Құдайдың Құрандағы мүміндерді қолдау туралы көптеген уәделерімен жігерлендіреді. Мысалы, «Мұхаммед (с.ғ.с.)» сүресінің 7-аятында: «Уа, мүміндер! Егер сен Аллаға көмектессең, Алла да саған көмектеседі және қадамдарыңды нық, берік етеді»,- деп айтылды.
Бүгінде қарсыласу майданы, әсіресе Батыс Азиядағы АҚШ бастаған жалған майданға қатты үрей туғызды. Олар осы басқыншы және соғысқұмар үкіметтің әскерін бұл аймақтан толығымен шығарып, оның ықпалын тоқтатуды көздеп отыр. Палестинада ХАМАС «Әл-Ақса дауылы» атты ұлы операциямен Израиль сияқты ауыр қарулы және қанды режимді жеңіп қана қоймай, оның айуандық шабуылдарына қарсы тұра алатынын көрсетті.
Сонымен бірге бұл операция ортақ жауға қарсылық көрсету осі мүшелерінің үйлесімділігін көрсетті. Осылайша Ливанның Хизболласы, Йеменнің Ансаролласы, Ирактың қарсыласу топтары және ИИР Палестина қарсыласуын қолдау үшін ешбір шара қолданудан тартынбады. Өздігінен құрылып, кеңейген және Иран Ислам революциясының идеалдарынан шабыттанған Қарсыласу майданы әлемдік державалардың, әсіресе АҚШ-тың озбырлығы мен үстемдігіне қарсы осы қысымға қарсы қозғалыстың маңызды жетістіктерінің бірі ретінде қарастырылады.