Нау 28, 2024 22:27 Asia/Almaty
  • Отыз аят, отыз күн (7)

Аллаға иман келтірген адам Құран туралы ойлануымен бірге Құран аяттары мен ілімдерін басқаларға түсіндіреді. Білім мен ақиқатты нақтылау Алла Тағаланың әулиелері мен ақсақалдарының парызы болды. Бұл күндерде Ислам мен адамзат дұшпандарының айтып жеткізгісіз шабуылымен бұл парыз маңызы артты. «Әнәм» сүресінің 104-аяты/  Көрегендік.

 

Қасиетті Рамазан айының қайталанбас күндері. Мүміндер керемет мерекенің қонағы болуда. Бұл жиында ораза ұстаушылардың жаны мен жүрегі рухани тазалыққа толы болуы үшін жәннат ризығынан дәм татылады. Рамазанға Алланың сәлемін жолдаймыз. Имандылық күшімен жан дүниесін кірден тазартып, адамдық кемелдіктерінің өсуіне талпынған осы айда ораза ұстаушыларға сәлем. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен отбасына сәлем жолдаймыз және осы айдың берекетін мүмкіндігінше пайдалануымыз үшін Алладан бізге қырағылық беруін сұраймыз.

Рамазан айында, адамдарды бүгінгі қалалардың қалың тобынан алыстатып, болмысының ішкі қаласына шақыратын айға жеттік. Өзіңізбен бірге жүріп, жақсырақ болу және жақсару туралы ойланатын орын. Бірақ жақсырақ болу үшін не істеу керек? Жолдан шығып, қараңғыда қалмас үшін не істеуіміз керек?

Әрине, жақсы болу үшін, кез келген жолмен жүру сияқты, біз жолды және оның шеттерін толық білуіміз керек. Кемелдік жолында жүру білім мен пайымдылықты қажет етеді. Қасиетті Рамазан айы – Құран айы, Құран – көрегендік кітабы.

Алла Тағала «Әнғам» сүресінің 104-аятында: «Расында Сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлелдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін»,- деді. Кейбір ірі лексикология ғалымдары былай дейді: «Көрегендік – жүректің діни мәселеге немесе ақиқатқа сенуі». Кейбіреулер көрегендікті, яғни зеректік пен сабақты анықтады, өйткені ақылдылық, сергектік және сабақ - пайымдаудың құралы, ал оларсыз пайымдаудың мәні болмайды. Имам Әли (ғ.с.) «Нәһжул-Балағәда» былай дейді: «Көріпкел – естіп, ойлайтын, көріп, көріпкел болып, сабақтан пайда алатын адам. Сонда ол айқын да айқын жолды ұстанып, оның тұңғиығына түсуден сақтану керек»

 

.

Көрегендік болған кезде адам өзін қоршаған ортаны және алыс-жақын ортаны тани алады. Ендеше, біз сыртқы көріністердегідей қауіп-қатерден сақтану үшін сырғанақтарға назар аударып, шұңқырға түсіп қалмас үшін аяғымыздың алдына мұқият қарап, назарымызды шоғырландыруымыз керек. Рухани және әлеуметтік мәселелерде біз нақты түсінікке ие болуымыз керек. Құран нұсқауларына күмәнданбаңыз. Ал соған сай әрекет етейік, бұл жағдайда аятқа сәйкес, әркім өз таңдауына қарай мәңгілік бақытты немесе қасіретті таңдай алады.

Бір күні Исхақ бин Аммар есімді адам имам Садықтың (ғ.с.) қызметіне келіп: «Менің үйімнің маңында намазды көп оқитын, мұқтаждарға қамқорлық жасайтын, қажылыққа көп баратын адам тұрады. Бұл адам қандай адам деп ойлайсыз»? Имам Садық (ғ.с.): «Оның көрегендігі қалай»?- деп сұрады. Жауап берді: «Парасат пен хабардарлық жағынан төмен деңгейде, дінінде көрегендігі жоқ». Имам (ғ.с.) да бірден жауап берді: «Ендеше оның дәрежесі бұл ғибадаттармен өспейді». Түсінігі бар адам ағымдардың табиғатын біліп, олармен бетпе-бет келгенде толық сергек бола алады. Жаудың айласын танып, ұқыпты бол. Алла Тағала Құранда иманы адамның көрегендікке жетуі үшін ең маңызды фактор, яғни жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты айыра білу деп таныстырады. Адам өзінің көрегендігінің «тақуалығымен» сақтықпен әрекет етіп, жаудың арамзалығына тосқауыл қояды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейни үлкен тақуалығының арқасында біртүрлі түсінікке ие болды. Имамның бір ерекшелігі – күрес кезінде, әсіресе Нофль-ле-Шатода  ешбір кездесуді қабылдамай: «Бізде оңаша  жер жоқ», - дейтін. Әртүрлі адамдармен кездесулерде олардың сөздерінің артық немесе аз болуының куәсі болсын деп бірнеше революциянерді мүшесін  үнемі қатыстыратын.

Бұл бүгінде біріккен және медиа соғыстар жағдайында өте маңызды және оны медиа сауаттылық деп атап көрсетеді және бұл көрегендіктің бір бөлігі болып саналады. Демек, көрегендік адам бойында көз нығметінен пайдалану.

«Халықтық можахедтер» ұйымының (мұнафықтар) орталық мүшелерінің бірі Масуд Раджави сол кездегі Иранның сот билігінің басшысымен кездесуді сұрап, аятолла Бехешти оны өз үйінде қабылдады. Сол кездесуде Раджави моджахедтердің (мұнафықтар) аятолла Бехештиге олардың шарттарын қабылдауы шартымен ант беруге дайын екенін мәлімдеді. Бехешти: «Біздің сізден айырмашылығымыз ресми және үстірт айырмашылық емес, іргелі сенімдерден туындайтын терең айырмашылық. Менің сізге қатысты мәселем, сіз тіпті марксизмді де білмегенсіз»,- деді. Осы сөзінен кейін Бехешти орнынан тұрып, кітапханасынан Карл Маркстің «Капитал» кітабын алып, неміс тілінде оқып, аударды. Сосын ол Раджавиге: «Неміс тіліндегі кітаптың түпнұсқасына жүгінсеңіз, Маркстің экономикасын анықтауда көптеген іргелі қателер бар екенін байқайсыз. Ислам экономикасы мен марксистік экономика сияқты қағидаларды шатастырып, идеологияңыздың негізіне айналдырдыңыз. Исламды оның негіздері тұрғысынан білу,   ұстану, насихаттау және түсіндіру керек».

Исламды түсінбеушілік Раджави басқарған Мұнафеқин тобының кейінірек Иранның 17 мың жазықсыз адамның өліміне жауапты болуына себеп болды. Раджавидің бұйрығымен өлтірілген маңызды тұлғалардың бірі осы топтың лаңкестік операциясында Иран Парламентінің 71 депутатымен бірге шәһид болған аятолла Бехешти болды.ы мен хадистеріндегі ойлау мен дәлдік күшейген сайын оның дәлдігі, ой толғауы, талдауы да артып, ғылым мен білім оның жаратылысына айналуы үшін адамның сенімділігі жоғары дәрежеге жетеді. Басқа жағынан, біз ойламасақ, көрегендік орнын надандық толтырады. Біз өзімізде түсінік немесе аналитикалық күш құруға міндеттіміз. Қоғам шындығына ойша қорытынды жасай алатын күш. Бұл талдау күші өте маңызды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

 

Тегтер