Там 02, 2016 16:49 Asia/Almaty
  • Арабстан қажылық рәсімін құрал ретінде пайдаланып, Иранмен жауласуда 3

Иранның ядролық келісімі жасалғаннан кейінгі салдарлардың біріне Сауд Арабиясының аймақта Иранға қарсы күйежағушылық мақсатта жанжал тудыруы жатады.

Аймақта бұрын-соңды болмаған деңгейде секталық шиеленіс тудырған Арабстан осы келісімді өзі мен аймақтағы басқа елдер үшін қорқыныш пен алаңдаушылыққа негіз қалайды деп түсіндіруге талпыныс жасады. Алайда Риядтың уәжге толы алаңдаушылықтары ешқашан да ядролық қауіпке негізделмеген  болатын. Саудиялықтар ядролық келісім олардың жағдайларының мүшкілге айналуына себеп болады деп санады, себебі «Ортақ қадам» келісімінің жүзеге асырылуымен Иранның оқшаулығы аяқталып, Арбастанның аймақтағы алпауыт елге айналу туралы құдірет талап еткен арманы іске аспай қалды. Сауд Арабиясы әу бастан Иран мен «алтылық» топ арасындағы ядролық мәселенің шешілуіне қатты қарсы елдердің бірі болып, аймақта күш теңгерімінің Иранның пайдасына қарай ауысуына қатты алаңдады.
Бұл мәселе олардың өз ұстанымдары мен батыстықтардың саяси ұстанымдарын толығымен қолдауынан анық байқалды. Бұл үдеріс әлі жалғасуда.

Бір жыл бұрын аяқталған Иранның ядролық келісіміне қатысты дау Арабстан патшалығындағы 2015 жылдың сәуір айындағы өзгеріспен қатар келді. Малек Салман Абдулазиздің Иранға қатысты қатаң, дегенмен ұстамды саясат ұстанған ағасы Малек Абдолланың орнына отыруымен  Арабстан мен Иранның байланыстарындағы кикілжіңдердің жаңа тарауы ашылды.

Брукингс институты «Иранның ядролық келісімі Арабстан мен аймақтағы шиеленістер үшін қандай мағынаға ие?» атты сараптамада бұл туралы былай деп жазды: «Малек Абдолла Иранмен тайталастан бой тартуға тырысатын. Ол 1980 жылдары Иранмен арадағы шиеленісті жою саясатын жүргізіп, тіпті, арабстандық бір шиітті өз елінің Ирандағы елшісі етіп тағайындады да. Бірақ, сөйте тұра жасырын түрде Американы күреске арандатуға тырысты. Сауд Арабиясының бұл ұстанымы біршама тұрғыдан америкалықтардың, соның ішінде Американың бұрынғы Қорғаныс министрі Гейтстің ашуына себеп болды. 

Америка Арабстанның америкалық сарбаздарды пайдалануды мақсат етуін оларды Арабстанның жалдамалылары ретінде қызмет еткізуге теңеді.

Арабстанның ИИР-мен жауласуын көрсететін себептердің бірі Арабстан патшасының Америкадан Иранға шабуыл жасауды сұрауы жатады. Wikileaks сайтының жариялаған құжаттарына сәйкес, Малек Абдолла 2008 жылы Арабстаннан Иранға шабуыл жасауды сұраған. Америка елшіліктерінің біріне түскен сол өтініште Арабстан патшасы Америкаға: «Жыланның басын кесіп алыңдар» деп кеңес берген. Сауд қайраткерлерінің жөнсіз, негізсіз және қайталамалы сөздері қазір де саудиялық патшалардың жаңа буынының ауызымен айтылуда. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасемидің айтуы бойынша, елінің басшылары мен қайраткерлері және ресми ұйымдарының соңғы он жылдықтардағы әртүрлі лаңкестік амалдардағы араласушылықтарын «жабумен» басы қатып жүрген Сауд Арабиясының СІМ Адел ал-Джубейр өздерінің кінәсын басқаға жабу арқылы әлемнің қоғамдық пікірін елінің «әл-Қаида мен ДАИШ-тың атасы» деген аяқталмайтын масқарашылығынан алдарқата аламыз деп ойлады. Арабстанның жаңа патшасының өткен жылдың басында Йеменге жасаған шабуылы Американың Иранға қарсы соғыс ашу жобасы жеңіліс тапқаннан кейінгі жаңа авантюрасы болды.

Сауд Арабиясы Парсы Шығанағы жағалауындағы басқа да араб елдерінің арандатуымен «Ортақ қадам» келісімінен кейінгі өзгерістерді Иранның аймақтағы орнының күшейе түскендігінің бір түрі деп көрсетті. Арабстанның жаңадан таққа отырған жас патшасы Мохаммад Бен Салман Йеменге араласу үшін тез арада бір араб коалициясын құрып, басқыншылық соғыс ашты. Нәтижесінде Арабстанның тарихында оның үлгісі байқалмайтын «Кесімді дауыл» атты амалдары іске асырылып, бұл соғыс Йемендегі адами апат пен қанқұйлы дағдарысқа айналды. Сауд Арабиясының ядролық келісімге қатысты наразылық дауысын басуды қалаған Америка мен Англия Арабстанға Йемендегі соғыста негізгі қолдауды көрсетті.

Арабстан елінің ішінде де қарсыластар мен наразыларды басып-жаныштау әрекеттерін күшейтіп, қаңтар айында шиіттердің танымал рухани жетекшілері шейх Нимрді лаңкестікке қолдау көрсетті деген айыппен өлтірді. Олардың бұл әрекеттері аймақтағы ислам елдерінде наразылық толқынымен бетпе-бет келді. Иранда да бір топ наразылық білдіріп, өз беттерімен Арабстанның елшілігіне шабуыл жасады. Теһран мен Машһадта орын алған оқиғаларды Иранның жүйе басшылары қолдаған жоқ. ИИР-ның басшылары бұл әрекетті қатаң айыптап, Арабстанның елшілігіне шабуыл жасаушылар  сот органы тарапынан қудаланды.  

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф бұл туралы: «Иран өз еліндегі барлық елдердің дипломаттарын қорғауды өзінің діни және заңды міндеті санап, Арабстан елшілігіне шабуыл жасап, заңды бұзған барлық адамға қатаң қатынас көрсетеді. Бірақ мәселе Арабстанның өзінің мәртебесін аймақ пен батыста көтеру үшін кез келген істен тайынбайтындығында» деді.

Осы оқиғадан кейін Арабстан Иранмен дипломатиялық байланысын үзді. Рияд өзінің одақтастарын да Иранмен қатынастарын үзуге шақырып, ирандық зияратшылардың биылғы жылғы қажылық рәсімдеріне баруға кедергі жасады.

Арабстан басшылары Иранмен байланыстарын үзу ісінде қатты асығыстық танытты. Сонымен қатар аймақтық және аймақтан тыс елдердің көмектерімен айғақ-дәлелдер ұсынып, өзінің арандатушылық әрекеттерін жасырып-жауып, өзі қолымен жасағаннын барлығын Иранның атына таңуға күш салып жатыр. Олар осы жанжалдан өздері үшін бір мүмкіндік қалыптастырып, Мина апатындағы мыңдаған қажының жаны мен Йемендегі жабайы шабуылдары және Сириядағы лаңкестік топтарды қолдаудағы халықаралық жауапкершілікті қабылдаудан басын босату  үшін талпыныс жасауда. Бұдан бұрын да 1987 жылы Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы байланыс қажылық рәсімдері кезінде 402 адамның қаза тауып, соның 275 ирандық болған кезде бұзылып, сол кезде де екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастар үзілген болатын. Сауд үкіметінің ядролық келіссөздер барысындағы жанжалдары мен теріс сөздері «Ортақ қадамнан» бұрын және кейін де сионистік режиммен бағыттас және солардікі тәрізді болды.  Жария болған кейбір құжаттар сауд Арабиясы басшыларының Вашингтоннан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты осы елге қатаң тұрғы ұстануды сұрағанын, тіпті әскери күш қолдануды сұрағанын көрсетеді.   Саяси бақылаушылардың көзқарасы бойынша Йеменде соғыс ашқан Риядтың саяси жаңа кадрының құрамы ДАИШ пен әл-Қаиданы пайдаланып, мұсылмандардың арасына жік салып, секталық қатігездіктерді күшейте түсіп, аймақта дайым жік тудыруды мақсат етуде. Арабстанның Ресейге Сирия президенті Башар Асаадтың жағдайына қатысты мәміле жасау туралы ұсынысы жақында хабар арналары жариялаған масқарашылықтарының бірі.  «Россия сегодня» торабы осы хабар туралы былай деп жазды: «Арабстан СІМ Адел ал-Джубейр Брюссельде америкалық газетке берген сұхбатта елінің Ресейдің Башар Асадты қолдауын доғарудың есесіне Таяу Шығыстан Ресейді Кеңес заманындағыдан да «мықтырақ ететін-мыс» үлес беруге дайын екендігін айтып: «Арабстан Ресеймен әлемдегі ең үлкен мұнай өндіруші ел ретінде серіктестік жасауға әзір» деді. Ол әбден айтыла-айтыла жауыр болған «Башар Асад жақында құлайды» деген уәждерімен «Кеш болмай тұрғанда осы мәмілені қабылдаңдар» деген.

Мұндай жөнсіз, араласушылық ұстаным Риядтың саясаттарының қаншалықты қарама-қайшылыққа толы әрі халықаралық ережелер мен заңдардан алшақ екендігін көрсетеді.  Арабстанның Иранға қатысты улы жарнамаларының да осы қатынаспен ілгерілегені сондай, Арабстанның Барлау ұйымының бұрынғы басшысы әрі  Америкадағы бұрынғы елшісі Торки Фейсал жақында Францияда «Монафеқин» лаңкестік тобының  отырысына қатысып, осы лаңкестік топқа қолдау білдіріп, ашық түрде Иранның режимін өзгертуге мүдделік танытты.

 

Тегтер