Там 02, 2016 17:47 Asia/Almaty
  • Арабстан қажылық рәсімін Иранмен жауласу үшін құрал ретінде пайдалануда 4

Иран мен Арабстанның қарым-қатынасы 1999 жылы Арабстанның сол кездегі Қорғаныс министрі Амир Солтан Бен Азиздің Теһранға келуімен жаңа кезеңге енді.

Ол осы сапарда ИИР-ның ел басшыларымен қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы мәселелер бойынша сұхбаттасты. Әсіресе, оның ИИР-ның мәртебелі жетекшісімен кездесуі аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарынан кең көрініс тапты. ИИР-ның мәртебелі жетекшісі Арабстан Қорғаныс министрімен кездесуде саудиялық басшының назарын ислам дұшпандарының ислам елдері арасындағы ынтымақтастықтарға кедергі келтіру үшін жасайтын қастандықтарына аударып, Иран мен Арабстанның исламдық елдер арасында достық пен тілеулестік орнатудағы толассыз серіктестік жасауы қажеттігінің маңыздылығын қуаттап:  «ИИР әрдайым мұсылман елдермен бірлікте болып, ынтымақтастық жасауды қалайды.

Иран мен Арабстан бір-бірімен серіктестік жасау арқылы екі ел мен ислам әлемінің халықтары алдындағы өздерінің үлкен міндеттерін анағұрлым жақсырақ жүзеге асыра алады» деп қуаттады.

Арабстан бүгінде Иранды аймақтағы өзінің шынайы бәсекелесі және дұшпаны санайды. Сонымен қатар аймақтағы бәсекелестікте өзін Ираннан жеңіліс тапқандай сезінеді. Арабстан өзі шығарып алған ойымен осы жағдайдан құтылу үшін барлық іске барды. Әлбетте, Америкадағы саяси орталар мен батыстың ақпарат құралдары да сионистік лоббилермен қосылып, Иранды аймақ пен араб көршілері үшін қауіп деп көрсетуге күш салды.

Осындай кеңістік тудырудың әсері мен Батыстың Иранның ядролық бағдарламасы туралы ойдан шығарылған жанжалдары белгілі бола бастаған уақыттан кейін Арабстан Израиль мен Батыс тарапынан айтылған алаңдаушылықтарға ден қойып, осы мүмкіндікті Иранға соққы беру үшін саяси тұрғыдан пайдаланып, «Иран аймаққа қауіп төндіріп отыр» деген уәж айта бастады. Бірақ Иран мен Арабстан арасындағы кикілжіңдер мен шиеленістен кімдер пайда көрді?  

Америка көп жылдан бері «Үлкен Таяу Шығыс» деген жоба ұсынып, аймақта бақылауға алынған өзгерістер қалыптастыруды мақсат еткен болатын. Бұл жоба 2003 жылдың аяғында Америка тарапынан аймақта саяси және экономикалық реформаларды жылдамдату деп аталған тақырыпты тарату мақсатында баяндалды. Жобаның негізі мынадай ойға негізделді: Батыстың Таяу Шығыс аймағында демократия мен азаттықтың болмауына көңіл аудармауы әлемнің басқа елдері үшін, әсіресе араб елдеріне қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатердің артуына себеп болды-мыс.

2011 жылдың 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі өзгерістер, әсіресе Американың Ауғанстан мен Иракқа шабуылы мен Талибандар мен Ирактағы БААС режимінің құлатылуы, сонымен қатар араб халықтарының ояну толқынының қалыптасуы Таяу Шығыс аймағының Американың араласушылығының жаңа кезеңін жылдамдық бастан өткеруіне себеп болды.

Осы жаңа кезеңде Арабстан Америкаға тәуелді және сионистік режимге іш тартатын ойыншы ретінде аймақтағы мәртебесі мен рөлін арттыруды мақсат етті.

Осы өзгерістердің жолында Бахрейн мен Сриядағы және Йемендегі саяси жағдай өзгерді. Арабстан тікелей араласып, аймақтағы оқиғалардың біразын өзінің мүддесіне қарай өзгертуге талпыныс жасады. Сол жылдары Саудия патшалығы Таяу Шығыс өзгерістерінен біршама аман шыға алды. Дегенмен аймақтағы диктаторлардың құлауы Арабстанды қатты алаңдатты. ИИР-ның қас дұшпандарының бірі ретіндегі Саддам режимінің құлатылуы сынды оқиғалар Арабстанды аймақ бәсекелестіктерінде шынайы түйткілдермен бетпе-бет келтірді. 2003, 2008, 2012, 2014 жылдардағы 33 күндік, 22 күндік, 8 күндік және 51 күндік соғыстар Арабстанның аймақтық рөлінің төмендеуіне соқтырған келесі оқиғалар болды. Алайда осы ағымның алдында аймақтық теңгерімдердегі тәуелсіз ойыншы ретіндегі ИИР-ның рөлі айшықтала түсті. Дегенмен Арабстан режимі алаңдайтындай көптеген себептер бар. Соның ішіндегі бір себеп – батыс оны «араб көктемі» атаған исламдық ояну толқынының аймақта жайылуынан қорқуы. Бұл өзгеріс аймақта қалыптасқан жағдаймен Арабстан патшалығы режимнің негіздерін шайқалтты.

Сол себепті де Арабстан басшылары стратегиялық қателіктерін түзету жолында асығыстықпен шара қолданып, тіпті экономикалық соғыс саласында да мұнай бағасына сатылым жариялауы әлемдік нарықтардағы оның бағасының қатты төмендеуіне соқтырды. Бүгін бұл ел бюджет тапшылығынан қиындық көріп отыр. Бұл тақырып та Арабстандағы саяси наразылықтардың күшейе түсуіне себеп болып, бұл мәселенің салдарлары Рияд үшін болжауға келмейтін күйде қалып отыр. Арабстан аймақтық дағдарыстар саласында да Йемен мен Сирия және Бахрейнде де өзін мәселелерге шырмап, өзі тұтатқан от бұл елдің өзінің етегін де шарпыды.

Кейбір бақылаушылар Арабстан патшасы Малек Салманды Сауд әулетіндегі жаңадан билікке жеткен әсірешіл адамдардың ессіз шараларын басқару үшін әлсіреп қалған деп санайды.

Сауд әулеті билігінің ішінде әсіре идеялар шегіне жеткен жағдайда шейх Нимрды өлтіруден туындаған салдарлар мен Арабстанда қажылық рәсіміне жауапты тұлғалардың біліксіздігі салдарынан орын алып, бес мыңнан астам қажының өліміне ұластырған Мина апатының қайғылы оқиғалары Арабстанның қауіпті ылдида тұрғанын көрсетті. Шын мәнінде осы оқиғалардағы басты ойыншы оның ұлы – Қорғаныс министрі Мохаммад Бен Салман шахзада. Малек Салман да өлтіру туралы бұйрықтар шығарумен шын мәнінде әлсіз және ақылсыз саясаткер ретіндегі өзінің солқылдақ жағдайынан босау үшін қанжарға жүгінді.

Financial Times газеті осы туралы «Саудиялықтар үшін қараңғы алаңдаушылыққа толы күндер жақындап қалды» деп жазды. Арабстан қазір үкіметтік емес Fredoom House институтының азаматтық және саяси құқық азаттықтары саласы бойынша ұсынған тізімнің соңында орналасқан. Адам құқығын қорғаушы көптеген ұйымдар 2015 жылы Арабстан саяси қарсыластар мен адам құқығын қорғаушы белсенділерді бейбіт сипатты жұмыстарына бола соттап, қамауды жалғастырып, сонымен қатар осы елде әйелдер мен діни азшылықтарға кемсітушіліктерді тоқтатпағаны туралы жариялады.

Канадалық The Toronto Star басылымы бір мақаласында «Арабстан шейх Нимрді өлтіру арқылы өзінің әлсіз тұстарын ғана әшкере етті. Бұл шара Сауд Арабиясының құдіретінің емес, оның әлсіздігінің белгісі» деп жазды. Жақында жарияланған бір есеп әртүрлі аймақтарда саудиялықтардың пайдасына жарнамалық шараларды жүзеге асыратын Qorvis/MSLGroup деген компанияның Сауд Арабиясынан бюжет алатын үлкен компаниялардың бірі екендігін, бұл компанияның ай сайын Сауд Арабиясының әлемдегі мәртебесі мен бейнесін жақсартып, лаңкестікпен күрестегі бейнесін күшейтіп, Таяу Шығыстағы бейбітшілікті ілгерілетіп жатқан жұмыстары мен осы елдің  басқа да ұйымдастырушылық шараларын көрсету үшін Арабстаннан 240 000 доллар алатынын көрсетті.    

Сауд Арабиясы өзіне оң бейне қалыптастыру үшін жылына Америкадағы қоғамдық байланыстар саласында қызмет ететін компанияларға миллиондаған доллар төлейді. Бұл қатынас Арабстан басшыларының өздерінің қателіктерін жабу үшін бұрыс бағдарламалар жасағанын көрсетеді.

Олар Иранмен байланыстарын үзу арқылы басқа елдерге де өздеріне ілесу үшін қысым жасайды. Рияд осы әрекеттердің барлығын жоғарырақ мәртебеге ие болып, Иранды оқшаулау үшін жүзеге асыруда.

Арабстан ислам әлемін бір-бірінен бөлу үстінде. Риядтың саясаттары қайшылықтарғы толы әрі халықаралық қоғамдастықтың заңдары мен ережелерінене алыс. Олар осы саяси ойынның ұтылушылары.

ИИР-ның СІМ Мохаммад Джавад Зариф жақында БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунге хат жазып, Арабстанның Иранға қарсы шиеленіс тудырушы қатынастарын сынап: «Арабстанда кейбіреулер бүкіл аймақты дағдарысқа тіреуді мақсат ететіндей көрінеді. Иран шиеленісті арттыруды қаламайды. Сауд Арабиясы да қисын жолын ұстанады деп үміттенеміз. Саудиялықтар әсірешіл лаңкестерді қолдауды жалғастырып, секталық жеккөрінішті тарата алады  немесе жақсы көршілестік жолын таңдап, аймақ қауіпсіздігінде сындарлы рөл атқара алады» деді.

 

Тегтер