Минадағы апат 8
(last modified Wed, 14 Sep 2016 11:20:20 GMT )
Қыр 14, 2016 17:20 Asia/Almaty
  • 
Минадағы апат 8

Сауд үкіметі исламдық және халықаралық заңдар бойынша қажылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты. Сондықтан бұл үкімет Мина апаты немесе әл-Харам мешітінің үстіне құрылыс кранының құлауы сынды оқиғаларға жауап беруге міндетті.

2015-ші жылғы қажылықта Мина апатында қажылары құрбан болған үкіметтердің көбі олардың құқыларын қайтару үшін әрекет еткен жоқ, тек ИИР ғана бұл салада көптеген зерттеулер жүргізіп, қаза болғандардың құқықтарын қайтаруға талпыныс жасады. Бұл тақырыпты тек бір елдің ғана мәселесі етіп  көтеруі жеткіліксіз. Сауд үкіметі исламдық және халықаралық заңдар бойынша қажылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты. Сондықтан бұл үкімет Мина апаты немесе әл-Харам мешітінің үстіне құрылыс кранының құлауы сынды оқиғаларға жауап беруге міндетті. Әрине адам құқықтарын бұзатын және халықаралық сахнадағы заңдардың көбісімен санаспайтын Сауд Арабиясы сынды патшалық және үстемшіл мемлекетте бұл жұмыстың шешімін табу оңай болмас, бірақ Сауд үкіметі қажылардың алдында жауапты екенін  түсінуі қажет.

Сауд үкіметі Мина апатына жауап беруге міндетті

 Әрбір адамның бірінші құқығы өмір сүру құқығы болып табылады. Исламдық адам құқығы жарлығының екінші бабында: «Өмір сүру – илаһи міндет әрі әр адамға кепілдікпен берілген құқық. Әр адам, қоғам мен үкімет бұл құқықты қолдап, оған қарсы кез келген шабуылға қарсылық білдіруге міндетті»,- деп жазылған. Әлемдік адам құқығы жарлығының 3-ші бабында да: «Әрбір адам өмір сүру, азаттық  пен қауіпсіздікке  ие болу құқығына ие»,- деп жазылған. Бірақ Сауд үкіметі қажылық істерін басқару қабілетінен кенде болғандықтан осы уақытқа дейін мыңдаған қажыны өмір сүру нығметінен мақұрым етті. Олар өздерінің діни және құқықтық міндеттемелерін орындауға міндетті. Олар кемінде құрбан болғандардың жанұялары мен жақындарынан кешірім сұрап, олардың шығындарын өтеп, Мина апаты сынды ащы оқиғалар қайталанбайтындай шара қолдануы керек. Ешқашан өзінің қателігін қабылдамаған тәкаппар Сауд үкіметінің бұл оқиғаларды басқалардың мойнына жүктеп, исламдық және халықаралық міндеттемелерді қабылдамайтындығына күмән тумайды. Сондықтан ИИР халықаралық сотқа шағым түсірді. Әрине, егер Мина апатында қажылары қаза болған мемлекеттер де шағым түсірсе әсерлірек болар еді. Өкінішке орай, бұл мемлекеттер азаматтарының  өмірін қорғауға жауапты болғандығына қарамастан Сауд үкіметінің араласушылығына қатысты бұл мәселені қадағаламады.

Мина құрбандары

Саудиялықтардың қауіпсіз қажылық өткізу мүмкіндіктерінің болмауымен бірге саяси және діни тұрғылардан да қажылық рәсімдерін басқару мүмкіндіктері де жоқ. Сауд үкіметін осы кезде елдің ішіндегі және сыртындағы саяси жағдайымен санаспайтын және өз мақсаттарын тек ақшаның арқасында алға ілгерілеткісі келетін  адамдар басқарады. Қазіргі кезде Сауд Арабиясында демократия мен азаттық байқалмайды. Тіпті бұл елдің әйелдері көлік жүргізу құқығына да ие емес. Діни азшылық бұл елде басылып-жаншылуда. Сонымен бірге Сауд әулеті басқа елдердің ішкі істеріне араласып, тіпті Йемен сынды елдерге шабуыл жасап, халықтық наразылықтармен санаспайды. Саудиялықтар қажылықты да өзінің сыртқы саясатының құралы ретінде пайдаланады. Биыл ирандық, йемендік және сириялық азаматтар бұл исламдық үлкен рәсімге қатысу рұқсатынан айрылды.

 Діни тұрғыдан Сауд үкіметі бұрмаланған әрі қатыгез вахабизмнің жақтасы. Бұл ағым басқа мазхабтардың көзқарастарын, тіпті басқа елдерден келген зияратшылардың діни азаттығын да қабылдамайды.

Вахабизм

Сауд режимінің мұндай осалдықтары мен жұмыстарына назар аудару олардың бұл режимнің қасиетті кесенелерді басқару мен қажылық рәсімін өткізу мүмкіндіктерінен кенде екендігін көрсетеді. Біраз жылдардан бері кейбір топтар, жеке адамдар мен кейбір үкіметтер Мекке мен Медине мұсылмандардың қасиетті мекендері болғандықтан қажылықты әртүрлі органдардың көмегімен жақсырақ өткізуді ұсынуда. Кейбіреулердің пікірінше қажылық рәсімін мүмкіндікке ие исламдық үкіметтер кезекпен өткізуі керек. Сонымен қатар қажылықты басқаратын исламдық елдердің өкілдерінен комитет құру да ұсынылды. Кейбір сарапшылар бұл міндетті барлық исламдық елдерден құрылған Исламдық ынтымақтастық ұйымына тапсыру керек деп санайды.

Исламдық ынтымақтастық ұйымы

Өткен жылдағы жан түршігерлік Мина апаты мен соның салдарынан әл-Харам мешітіне барған жеті мыңнан астам зияратшының қаза болуына назар аударып, мұның барлығына Сауд үкіметінің біліксіздігі себеп болды деп айтуға болады. Бұл үкімет енді қажылық рәсімін өткізуге лайық емес. Биыл қажылар өткен жылдан көбірек алаңдап, әсіресе Мина жерінде тағы да тосын оқиға орын алуын мүмкін деп қорықты. Өйткені қажылық рәсіміне лайық дұрыс басқару байқалмайды.Сол себепті қажылықтың өткізілуі өз іс-әрекеттері мен қажылық кезінде орын алатын оқиғаларға жауапты болатын органға тапсырылуы керек.