«Ортақ қадам» бағдарламасына шолу: бір жылдан соң (4)
(last modified Wed, 20 Jul 2016 09:53:18 GMT )
Шіл 20, 2016 15:53 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» бағдарламасына шолу: бір жылдан соң (4)

Иран мен "алтылық" топтың келіссөздері аяқталып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан кейін бұл мәселе Американың сайлау бәсекелестігінде талқыланатын тақырыптардың бірі мен сол елдің республикашылдар және демократ - екі партиясы үміткерлерінің партия ішіндегі бәсекелестігінде айтатын сөздерінің өзегіне айналды.

Бірақ бұл үміткерлердің көзқарастарының Америка президенттік сайлауының ертеңіне әсері қандай болмақ? Әсіресе осы сөздерде "келіссөзді жыртып тастау" туралы қоқан-лоққы сөздерден бастап, оның кейбір тарауларын қайта қарау немесе "Ортақ қадам" бағдарламасының орындалуына қатаң қарау деген мәселелер республикашыл жән демократ партиялар үміткерлерінің сайлаудағы сөздерінің сюжеттеріне айналып отыр.
Кейбір бақылаушылар Америка президенттігіне үміткер екеудің, яғни бірнеше айдан кейін Ақ Үйдің тізгінін ұстау жауапкершілігін қолына алатын осы екеудің бірінің  «Ортақ қадам» келісіміне қарсы ұстанымы Американың келесі үкіметінің ядролық келісімге табандылығына қатысты күдік, күмәндарды арттыра түскендей деп есептейді.  
Америка президенттігі сайлауларындағы екі үміткер, яғни демократтар партиясынан Хиллари Клинтон мен республикашылдар партиясынан Дональд Трапм "Ортақ қадам" бағдарламасы туралы ойлануға тұрарлық сөздер айтты.
Ядролық келіссөздер соның кезеңінде басталған Американың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзі айтқандай, Иранға қарсы санкция салу тақырыбында бұл ел әлемдік консенсуссқа жету үшін бар күштерін салған. Қазір де ол Вашингтон болашақта өзінің осы ұстанымын бұрынғысынша сақтап қалуы керек деп санайды.  
Америкалық израильдік лоббилердің ұйымы AIPAC-тың ықпалындағы Клинтон Вашингтонда Брукинг институтында өткізген конференцияда осы тақырыпты  баяндап: «Иран Америкамен ядролық келісімді бұза алатынын көрсететін әрекеттер жасауда» деген уәж айтып: "Иран тарапынан ядролық келісімді бұзғаны туралы тіпті азғантай жайт байқалған жағдайда жазалау іске асырылады» деп қуаттады. 
Демократтар партиясының үміткері "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінің басталуын мақұлдап: «Егер президент болсам, ядролық келісімді қарсы тарапқа деген сенімсіздік және олардың шыншылдығын тексеру қатынасымен жүзеге асыратын боламын» деді.
Клинтон келісімді жүзеге асыру басталған соң жасаған мәлімдемеде "Теһран лаңкестерге қолдау көрсетуде" деген уәждерін қайталап: «Иранға қатысты көптеген істер қалып отыр. Олар лаңкестерді қолдауы мен үлкен аласапырандарға соқтырған Таяу Шығыста тұрақсыздық қалыптастыруды қоюы керек. Сириядан шығып, Хезболла мен ХАМАС-ты қолдауын тоқтатуы керек" деді.
Сионист лоббилердің Американың президенттігінен үміткеріне жасайтын қолдауы олардың жеңісінде үлкен рөл атқаратындықтан, Клинтонның "Ортақ қадам" келісімі туралы ең қатаң ұстанымы AIPAC деп аталатын Америка мен Израильдің қоғамдық қатынастар комитетінде баяндалды. Клинтон өткен наурыз айында сионистік лоббилердің ең үлкен жиынына қатысып сөйлеген сөзінде: «Америка мен Израильдің және әлемнің осы келісімнің жасалуымен өзін қауіпсіздеу сезінгеніне сенімдімін. Сол себепті бұл келісім мұқият жүзеге асырылып, қатаң түрде бақылауға алынуы керек және кез келген ауытқушылық үшін нақты жазаларға ие болуы керек» деді. Республикашылар партиясының әсірешіл үміткері Тед Круз  де жеңіске жетіп, Ақ Үйге енген жағдайда ядролық келісімнің күшін жоятынын айтқан болатын. Ағасы, яғни Американың бұрынғы президенті Джордж Буштың әрекетіне байланысты көпшіліктің қолдауына ие бола алмаған республикашылдардың үміткері Джеб Буш та Town Hall басылымында жариялаған мақаласында былай деп жазды: «Иранның ядролық келісімінің Обама үшін қысқа мерзімді саяси пайдасы бар. Бұл Американың саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді». Ол алдағы сайлауда жеңіске жетіп жатса, Иранмен жасалған ядролық келісімнің күшін жоятынын мәлімдеді. 
Сайлау сахналарында қалған Клинтон мен Трамп және Сандерс сан рет «Иранның ядролық жұмыстары мен аймақтық қатері» дегенді зорайтып айтуға талпыныс жасап, көзқарастарын "Иранның қатерлерімен күресу" деген атаумен баяндап, өздерінің партиялас серіктестерінің тілеулестік пікірлеріне бөленуге күш салды.
Бұлардың арасында демократ үміткерлер де "Ортақ қадамды" сынағанымен, олар оны Иранның ядролық тақырыбын шешу үшін ең жақсы мүмкін шешім жолы санап, осы жөнінде Обама үкіметінің әрекетіне қолдау танытты.

Берни Сандерз Иран мен "алтылық" елдері арасындағы келісімге қолдау көрсететіндігін мәлімдеуімен қатар келісімді соғыстан артық деп атады. Ол ядролық келісім жасалған соң мәлімдеме жасап: «Иранмен келісім дипломатияның күш көрсетушілікті жоюы болды» деді. Ол сонымен қатар Face the Nation деген бағдарламаға берген сұхбатта әскери әрекет пен соғысқа енуге қатысты қарсылығын айқын түрде мәлімдеп: «Біз шынымен бүкіл әлемді әуреге салатын және Американың армиясына қатер  тудыратын теңсіз соғысты қалаймыз ба?» деді. Атақты миллардер әрі республикашылдардың ықтималды үміткері Дональд Трамп Америка Теһранға керісінше ядролық келісімнен ештеңе ұтпайды деп санайды.

Әсірешіл және жанжалды ұстанымымен танымал Трамп - "Ортақ қадам" бағдарламасының негізгі қарсыластарының бірі.

Ол сайлауда жеңіске жеткеннен кейінгі алғашқы ісінің Иранның ядролық келісімін жойып, "Ортақ қадам" бағдарламасын жырту болатынын сан рет айтқан болатын.

Республикашыл үміткер "Иран осы келісімнің арқасында 150 миллиард долларға қол жеткізді. Америка құралақан қалды" деп, ядролық келісімді қорқынышты әрі апатты сипаттап, мұны осы уақытқа дейін өзі көрген ең жаман келісім деп атады.
Трамп та басқа да үміткерлер сынды Иранға қарсы өзінің уытты сөздерін AIPAC-та сөз сөйлегенде айтып: "Мен көп жылдар бойы бизнеспен айналыстым. Сондықтан мен мәміле дегенді білемін. Бұл келісімнің Америка мен Израиль және бүкіл Таяу Шығыс үшін апатты екендігін сіздерге айтуға рұқсат етіңіздер. Біз әлемдегі лаңкестікке қолдау көрсетудегі көшбасшы елге 150 миллиард доллар сый тарту еттік. Есесіне ештеңе алған жоқпыз. Бұл келісім тіпті Иранды өзінің ядролық мүмкіндігін тоқтатуға да міндеттеген жоқ. Бар болғаны бірнеше жылға ғана Иранның әскери ядролық бағдарламасына шектеу қойылды. Осы шектеулердің уақыты аяқталған кезде Иран ядролық әскери әлеуетке өнеркәсіптік деңгейде ие болады. Бұл өте жаман жағдай. Біздің барлығымыз, әсіресе Израиль бұған кіріптар боламыз" деді.

Дональд Трамп AIPAC-та сөйлеген сөзінде Иранға қатысты өзінің алдағы стратегиясы туралы айтқанда: "Президент болған кезде Иранға қатысты үш принципке шоғырланатын қатынас ұстанамын: алдымен Иранның аймақты тұрақсыздандыру және оған үстемдік ету үшін шабуыл жасау талпыныстарына қарсы тұрамыз" деп, Иранға қатысты өзінің қатынасының екінші принципін түсіндіргенде "Иран - әлемдегі терроризмге қолдау танытушы ең үлкен ел. Біз оның көзін жоюға күш саламыз" деген уәж айтты. 

Трамп Иранға қатысты үшінші қатынасын баяндап: "Иранды жауапты етіп ұстау үшін біз бұрынғы келісімнің мазмұнын жүзеге асыруымыз керек" деді. Трамп бірақ Американың MS-NBC News телеарнасына телефонмен берген сұхбатта "Иранмен жасалған ядролық келісімді бұзу қисынсыз әрі ақылсыздық. Оның орнына келісімді жақсарту керек" деді.

Дональд Трамп та Клинтон сияқты Иранға қарсы санкция салуды жақтағанымен Иранға санкция салу тақырыбына қатысты қарама-қайшы пікірге ие.
Трамптың ядролық келісімді сынауының біріне "Неліктен тек америкалық емес компаниялар ғана Иранмен мәміле жасай алады" деген сыны жатады. Ол өткен жылдың қыркүйек айында Америкада "Ортақ қадам" келісіміне қарсы өткен шерулерде былай деген болатын: "Барлық елдер Иранмен сауда жасағысы келеді. Олар ақшаның астында қалады. Бірақ келісімді біз жасап тұрып, өзіміздің ештеңеге қол жеткізбегеніміз жарамайды".

Трамп тағы бір жерде сөйлеген сөзінде "Иран Airbus ұшақтарын сатып алады. Бірақ бұл келісімде Boieng неге жоқ? Келісімді Boieng та Иранға ұшақ сата алатындай жасамадық? Иран оларға беретін 150 миллиард доллардың азғантай бөлігіне ғана  реактивті 114 ұшақ сатып алмақ. Бірақ бұл ұшақтарды Америкадан сатып алмайды, Airbus компаниясынан сатып алады" деді.

Республикашылдар партиясының бұл үміткері шілденің 20 күні Иранның 100 ұшақ сатып алу үшін Boieng компаниясымен келісімге қол қойғаны жарияланған кезде Иран мен Boieng компаниясының келісімін демократ үміткер Хиллари Клинонға шабуыл жасау үшін сылтау етіп: "Иранмен жасалған апатты ядролық келісім Хиллари Клинтонның Иранмен сауда келісімдерін жасауы үшін негіз қалады" деді.

Трамптың үгіт-насихат кеңсесі мәлімдемеде: "Иран - лаңкестіктің ең үлкен қолдаушсысы. Апатты ядролық келісімінсіз Иран Boieng-пен сауда келісімін жасай алмаған болар еді" деді.

Американың президенттік сайлауының үміткерлерінің сөздері мен ұстанымдары олардың барлық бәсекелестіктерге қарамастан кез-келген жағдайда кез-келген қатынаспен сионист лоббилер мен америкалық еврейлердің дауысына ие болу үшін Иранға қоқан-лоққы жасаумен бір мезгілде сионистік режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген міндеттерін қуаттайды.

Республикашылдар мен демократтардың арасындағы пікір қайшылығына қарамастан  Қауіпсіздік кеңесінің №2231 резолюциясына сәйкес "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру тақырыбы Америка үкіметінің міндеті. Одан бұл ел оңайлықпен аттап өте алмайды. Сол себепті мұндай жағдайда Иран да Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындауға қатысты кез-келген уәде бұзушылығына қарымта жауап беруетін шешім жолдарына ие.