-
Тель-Авив Түркиядағы дипломаттарын қайтарып алды
Қаз 29, 2023 16:12Стамбұлдағы сионистік режимнің қарсыластарының үлкен жиыны мен Түркия президентінің сөзінен кейін сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Анкарадан сионистік дипломаттарды қайтарып алғанын жариялады.
-
Палестинаны жақтаушылар АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы орталық метро станциясына жиналды
Қаз 28, 2023 19:35Палестина жақтастары, соның ішінде сионистік режимге қарсы көптеген еврейлер Нью-Йорктің орталық метро станциясына жиналып, Палестина халқын қолдады.
-
Тель-Авив Газада атысты тоқтату туралы өтінішті қабылдамады
Қаз 28, 2023 18:26Израиль сыртқы істер министрі БҰҰ-ның Газада гуманитарлық атысты тоқтату туралы өтінішін қабылдамаумен бірге, бұл қарарды қолдап дауыс берген 120 елді өшпенділік тудырды деп айыптады.
-
Өткен түнде Газаға жасалған шабуылдарда 100-ден астам палестиналық шәһид болды
Қаз 28, 2023 17:59Израиль армиясының Газаға түнгі ену шектеулі операциясының басталуымен және кеше түннен бүгін таңға дейін бомбалауы салдарынан 100-ден астам бейбіт тұрғын шәһид болды.
-
«Әл-Ақса дауылының» 22-ші күні: сионистердің Газаға енуінің сәтсіздігі
Қаз 28, 2023 17:24«Әл-Ақса дауылы» операциясының 22-ші күні: сионистік режимнің Газаға ауыр және бұрын-соңды болмаған әуе шабуылдары жалғасуда, басқа жағынан сионистік режимнің Газаға ену әрекеттері Палестина қарсыласу күштерінің табанды қарсылығымен бетпе-бет келіп, сәтсіздікке әкелді.
-
Амирабдуллахиан Гутерришпен кездесуінде: Иран Газадағы геноцидті дереу тоқтату үшін кез келген саяси шешімді қолдайды
Қаз 28, 2023 16:48ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесуінде Иранның Газадағы геноцидті дереу тоқтату үшін кез келген саяси шешімді қолдайтынын қуаттады.
-
Теһран жұма намазының имамы: "Әл-Ақса дауылының" күні Палестина халқы үшін береке күні.
Қаз 28, 2023 16:28Теһран жұма намазының имамы "әл-Ақса дауылы" операциясының жетістіктеріне тоқталып: «Әл-Ақса дауылы болған күнді Палестина халқы үшін әл-Барака күні және сионистік режим үшін Нақба күні деп санау керек",- деді.
-
Сионистік режимнің Кафр Қасым ауылында палестиналықтарды өлтірген күні
Қаз 27, 2023 22:26Кафр Қасым ауылы Тулкарамның оңтүстігіндегі Калкилие қаласына жақын жерде және басып алынған Палестина мен Иордан өзенінің Батыс жағалауы арасындағы жасыл сызық аймағында орналасқан.
-
Пентагон: Аймақтағы америкалық базаларына жақында жасалған шабуылдарда осы елдің он тоғыз сарбазының миы шайқалды
Қаз 27, 2023 21:43АҚШ Қорғаныс министрлігі аймақтағы америкалық базаларына жақында жасалған шабуылдарда осы елдің он тоғыз сарбазының миы шайқалғанын мойындады. Америкалықтар аймақтағы АҚШ-тың заңсыз базалары шабуылға ұшыраған сайын өз мәлімдемелерінде «ми шайқалысы» сөзін қайталайды.
-
Палестинаның қарсыласу күштері Дженин лагерін айнала келген сионистік режим күштерімен бірнеше сағат қақтығысты
Қаз 27, 2023 21:42Сарая әл-Құдске қарасты Дженин батальоны мәлімдемедесінде: "Палестинаның қарсыласу күштері Дженин лагерін айнала келген сионистік режим күштерімен бірнеше сағат қақтығысты. Осы қақтығыстардың нәтижесінде сионистік күштердің бірқатары қаза тапты немесе жараланды",- деп жарияланды.