-
Иран Еуразиямен еркін сауда келісімін орындау арқылы өз өндірісін дамытуды көздеп отыр
Қаң 14, 2024 16:50Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрлігінің сауданы дамыту комиссиясының баспасөз өкілі: "Иран мен Еуразия арасында еркін сауда келісіміне қол қойылған соң коммерциялық және логистикалық кедергілерді жойып, Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен сауданы 10 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік туды",-деді.
-
Иран мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлері Газадағы жағдайды талқылады
Қаң 12, 2024 21:14Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранның Сыртқы істер министрімен Газа секторы мен оның төңірегіндегі жағдай туралы телефон арқылы сөйлесті.
-
Қалибаф: Иран мен Алжирдің парламентаралық қатынасының дамуы екі елдің экономикалық дамуына септігін тигізеді
Қаң 11, 2024 22:40Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф: "Иран мен Алжирдің парламентаралық қатынасының дамуы екі елдің экономикалық дамуына септігін тигізеді",-деп үміт білдірді.
-
Иран Сыртқы істер министрлігі: ОАР-дың Халықаралық әділет сотында сионистік режимге қарсы әрекетін қолдайды
Қаң 11, 2024 14:49Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: "Иран ОАР-дың әрекетін Палестина халқын қорғауда халықаралық құқықтарға негізделген жауапты, әділетті әрі батыл қадам деп санайды",-делінген.
-
Амирабдуллахиан Американың Йеменге қарсы қарарды бекіту әрекетін сынады
Қаң 10, 2024 18:42Иран Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде АҚШ-тың Қызыл теңіздің қауіпсіздігін қорғау сылтауымен Йеменге қарсы қарар қабылдау әрекетін сынап, оны аймақтағы және Қызыл теңіздегі американдық әскерилердің көбірек болуының негізі деп атады.
-
Иран Президенті: ДАИШ сионистер сияқты жазықсыз адамдарды өлтіруді көздейді
Қаң 09, 2024 16:32ИИР Президенті Тәжікстан Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесуінде: «Америка мен сионистік режимнің қолдауына ие болған ДАИШ тәкфиршіл тобы Газадағы сионистер сияқты бейкүнә әйелдер мен балаларды өлтіруді көздейді»,- деді.
-
Амир Абдуллахиан: Сионистік режимнің бірде-бір мақсаты орындалмады
Қаң 08, 2024 23:34Иран Сыртқы істер министрі: "Сионистік режимнің Газаға шабуылдан көздеген бірде-бір мақсаты орындалмады",-деді.
-
Франция Сыртқы істер министрі Кермандағы лаңкестік әрекетті айыптады
Қаң 07, 2024 17:51Франция Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында Кермандағы лаңкестік әрекетті айыптады.
-
Жозеп Боррель Керманда болған лаңкестік қылмысты айыптады
Қаң 05, 2024 23:24Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель сәрсенбі күні кешке Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен телефон арқылы сөйлесіп, Керманда болған лаңкестік қылмысты қатаң айыптады.
-
Раиси: Сионистер аймақтың түрлі жерінде тынышсыздық тудыруды көздеп отыр
Қаң 05, 2024 22:22Иран Президенті сионистердің өздеріне қарсы жаһандық наразылықтардан кейін және Газаға шабуылдан өздері күткен нәтиже ала алмағандықтан, үміттері үзіліп, енді аймақтың басқа жерлерінде тынышсыздық орнатуды көздеп отырғанын айтып: "Иран халқы өздерінің ерік-жігері, ұлттық бірлігі мен рухын ешқандай лаңкестік әрекет бұза алмайтынын дәлелдеді",-деді.