Pars Today
АҚШ Президенті Джо Байден 2001 жылы 11 қыркүйекте орын алып, 3000-ға жуық адамның өмірін жалмаған лаңкестік шабуылға 20 жыл толу қарсаңында жасаған жолдауында АҚШ-та ұлттық бірлікті сақтау қажеттігін айтты.
Ауғанстанда тұратын 35 қазақ қандас бұл елде Талибан тобы билікке келгеннен кейін Алматыға көшірілді.
Пәкістан СІМ Ауғанстанға көршілес 6 елдің ортақ мәлімдемесін жариялап: «Ауғанстан халқы өз болашағын өзі анықтауы керек. Кез келген бейбіт бітім жобасы олардың арман-мақсаттарына сәйкес жасалуы тиіс»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сұхбаттасып, аймақтық және әлемдік өзгерістер жайлы кеңесті.
Қазақстан Президенті әлемдік қауымдастықтың осындай қысылтаяң шақта Ауғанстанды жалғыз қалдырмайтынына үміт білдірді.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әрі елшісі: «Ауғанстанға көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің келесі отырысы Теһранда өтеді»,-деді.
Талибан АҚШ елшілігінің дуалына өз туының суретін салып, ұрандарын жазды.
ИИР Сыртқы істер министрі Ауғанстанның бұрынғы басшысымен телефон арқылы сұхбатында: «Иран Ауғанстанның соғыс пен лаңкестіктен ада болуын қалайды»,-деді.
Панджшер сайындағы Ахмад Масудтың ақпарат өкілі Фахим Дәштидің қазасына қатысты қарама-қайшы нұсқалар айтылғаннан кейін қазір күдік BBC Farsi арнасына түсіп отыр.
Адам құқығын қорғау ұйымы Еуроодақтың ауған мигранттары дағдарысына қатынасын сынап, оны адамгершілікке жат тасжүректік деп атады.