• Иран: «Шаһ Черағ» кесенесі

    Иран: «Шаһ Черағ» кесенесі

    Қаң 22, 2019 17:01

    «Шаһ Черағ» – имам Мұса Каземнің (ғ.с) үлкен ұлы, имам Резаның (ғ.с) бауыры Ахмад ибн Мұса Казем жерленген Шираз қаласындағы кесене. Ол бауырына бару үшін Хорасанға сапарға аттанғанда жолда Аббаси әулетінен шыққан халиф Мамуннің адамдары оны шәһид еткен. Шираз қаласындағы Ахмади алаңының жанында орналасқан бұл кесене алғаш рет х.қ.ж.с.б. алтыншы ғасырда Атабак Фарстың дәуірінде салынып, кейін бірнеше рет толықтырылып, жөндеуден өткен.

  • Иран: кілем – ирандықтардың өнері, дәстүрі мен кәсібінің көрінісі

    Иран: кілем – ирандықтардың өнері, дәстүрі мен кәсібінің көрінісі

    Қаң 22, 2019 12:56

    Иранның кілем өнеркәсібі – жасампаздық пен ұжымдық талпыныстың нәтижесі; ирандықтардың ұлттық мәдениетінің көрінісі.

  • Иран: Мазичал ауылы

    Иран: Мазичал ауылы

    Қаң 20, 2019 19:32

    Көрікті Мазичал аулы Аббас-Абад қаласынан 50 километр жерде, Мазандаран облысының Калардашт қаласына жақын жерде орналасқан.

  • Иран: Намһил ауылы

    Иран: Намһил ауылы

    Қаң 19, 2019 21:07

    Намһил ауылы – Халхал ауданының Хуреш Рустам округындағы абадтандырылған көне ауыл.

  • Иран: Афиф-Абад бағы

    Иран: Афиф-Абад бағы

    Қаң 17, 2019 20:36

    Шираздың ең көркем әрі ең көне бақтарының бірі – Шираз қаласының батысында орналасқан «Афиф-Абад» немесе «Гольшан бағы». Ауданы шамамен 13 гектарды құрайтын бақ қанша уақыт өтсе де, өзінің қарапайымдылығы мен сұлулығын жоғалтпаған. Бақтың айналасын кірпіштен қаланған дуал қоршап тұр. Дуалдың ішінде өте әдемі әрі көздің жауын алатын гүлге толы бақ орналасқан.

  • Иран: Бабак қамалы

    Иран: Бабак қамалы

    Қаң 17, 2019 14:07

    Бабак қамалы Шығыс Әзірбайжан облысының Ахар қаласының солтүстігінен 50 километр қашықтықта, Калибар аймағындағы Қарасу өзенінің батыс биіктігінде орналасқан. Бұл қамал теңіз деңгейінен шамамен 2300-2700 метр биіктікте Сасани билігі кезінде салынған. Қамал хиджридің үшінші ғасырында Аббаси халифатына қарсы көтеріліс кезінде оны пайдаланған Иранның тарихи сардары Бабак Харамдиннің құрметіне аталған. Қамалдың көптеген мұнарасы бар. Үш қабаттан тұрады. Негізгі залы мен жеті бөлмесі бар.

  • Иран: Дәрбәндсәр

    Иран: Дәрбәндсәр

    Қаң 14, 2019 20:42

    Дәрбәндсәр – Теһран облысының Шамиранат ауданына қарасты Рудбар-е Ғасран округындағы ауыл.

  • Иран: Хансар қаласы

    Иран: Хансар қаласы

    Қаң 13, 2019 18:42

    Хансар – Иранның Исфаһан облысында орналасқан қала. Бұл қаланың тарихы Исламға дейінгі кезеңнен басталады. Тиджан ауылының қасындағы Тир тауында "Тир" деген отхана мен "Хейкал" ғибадатханасы, сондай-ақ Қуджан ауылындағы Пехлеви стилінде жазылған қабір тасы қаланың көнелігін дәлелдейді. Бұл аймақтың сарқырап ағып жатқан бұлақтары Хансар қаласының табиғатына ерекше сұлулық сыйлайды. Хансарды Ирандағы бақ қаланың кемел үлгісі деп атауға болады.

  • Иран: Мешгиншәһрдің аспалы көпірі

    Иран: Мешгиншәһрдің аспалы көпірі

    Қаң 12, 2019 20:52

    Мешгиншәһрдің аспалы көпірі – Ардебиль облысындағы Мешгиншәһр орманды саябағы мен "Хайучаи" өзенінің үстінде 80 метр биіктікте салынған Таяу Шығыстағы ең ұзын көпір.

  • Иран: Сасанг ауылы

    Иран: Сасанг ауылы

    Қаң 10, 2019 18:13

    Сасанг – Голестан облысы Минудашт ауданының орталық бөлігіндегі Чеһел-Чай ауылдық округінде орналасқан туристік ауыл. «Иранның солтүстігіндегі жұмақ» деп аталатын бұл ауыл Минудашт қаласынан 21 шақырым қашықтықта хиркан ормандардың дәл ортасында орналасқан. Сасанг ауылындағы бір-біріне жақын орналасқан сегіз сарқырама мен сабан балшықтан салынған көне үйлер және үңгірлер Голестан облысының тартымды туристік жерлері саналады.