-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (10)
Сәу 13, 2016 13:28Ирандағы сәулет өнерін зерттеуші марқұм Мұхаммад Карим Пирниа Иран сәулет өнерін алты стильге бөліп қарастырған және "Исфахан" стилін ең соңғы стиль деп есептеген.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (9)
Сәу 13, 2016 13:25Әзірбайжан аймағының сәулет өнері маңыздылығы жағынан Иран сәулет стилінің алдыңғы қатарында тұр. Өйткені Парсы, Әзери және Исфахан сәулет стильдері сол аймақтан бастау алып, Иранның түкпір-түкпіріне таралды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (8)
Сәу 13, 2016 13:18Селжұқтар жаугер халық болған. Олардың Иранмен көршілес жерлерді басып алудағы себебі де осы соғысқұмарлық болса керек. Селжұқтар дәуірінің соңында билік басындағылардың бір-бірімен соғысы, олардың өзара бақталастығы және нөкерлердің билік басына келуі салдарынан жергілікті мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін жариялай бастады.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (7)
Сәу 13, 2016 13:11Шәмс әл-Маали Қабус бен Вошмгир ойшыл және шебер жазушы болған. Ол "Әл Зийар" әулетінің ең атақты шахы ретінде билік жүргізген. Оның теңдессіз жауынгер болғандығы айтылады, бірақ ол кейде өзіне бағынышты адамдарға қатігездік жасап отырған. Осы жағдай оның өз сардарының қолынан қаза болуына себеп болды. Ол Қабус мұнарасының астына жерленген деп айтылады. Сол себептен бұл ғимарат Қабус мұнарасы деген атпен әйгілі.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (6)
Сәу 13, 2016 13:09Француз сәулетшісі Ле Карбузие сәулет өнерін сипаттай келіп: "Сәулет – сәуле астындағы формалар жиынтығының ойыны. Сәулет – біртұтас ойлау құрылымы. Сәулет әрбір қарапайым құрылыстан, тіпті геометрия мен алгебраның қатысы бар әрбір кішкентай қамалдан көрініс табады. Кейде оған өнер деп ат қоймасақ та, сәулет басқа өнерлерге қарағанда бізге жақын",-деген екен.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (5)
Сәу 13, 2016 13:07Ислам халқы пұтқа табынған Арабия түбегінде пайда болды. Араб және бедуин тайпалары жыл сайын Меккеге келіп, Қағбаның маңындағы пұттарға зиярат еткен.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (4)
Сәу 13, 2016 12:50Александр Македонский шабуыл жасап, Иранның үлкен бөлігі қиратылғаннан кейін бұл территория Македонскийдің басып алған жері ретінде оның сардарларының қолына көшті.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (3)
Сәу 09, 2016 18:14Көне тарих пен мәдениет дамыған елдердің сәулет өнері өркениеттің ең маңызды негіздерінің бірі. Бірнеше мыңжылдық тарихы бар Иран жері мыңдаған жылдардан бүгінгі күнге дейін бірегей туындыларға ие.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (2)
Сәу 09, 2016 17:54Б.з.д. Иран мәдениеті және сәулет өнері жайлы алғашқы ең үлкен ескерткіштер Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Шуш аймағындағы қазба жұмыстары барысында табылды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (1)
Сәу 09, 2016 17:47Бүгінде «Әлемнің жеті кереметі» туралы естімеген адам жоқ шығар. Бұл атау ежелгі заманның сәулет және мүсін жасау саласындағы ең керемет жеті туындыға қатысты. Б.з.д 2-ғасырда бір финикиялық бұл жеті керемет жайлы бір кітапқа тіркеп жазыпты. Жеті туынды мыналар: Александрия шамшырағы, Мысыр пирамидалары, Родос алыбы, Артемида ғибадатханасы, Зевс мүсіні, Семирамида аспалы бағы және Галикарнас кесенесі.