-
Иранның шығысы мен батысындағы шекаралардан "Арбағин" рәсіміне қатысатын зияратшылар өтіп жатыр
Қаз 23, 2018 09:08Иранның шығысы мен батысындағы шекаралардан имам Хосейннің (ғ.) қырқы – "Арбағин" рәсіміне қатысу үшін Ирак жеріне шетелдік зияратшылар өтіп жатыр.
-
Пәкістан ұрланған ирандық сарбаздар мен шекарашыларды азат ету үшін тиісті шара қолдануы керек
Қаз 21, 2018 19:55Иран Қарулы Күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мохаммад Бағери сенбі күні Пәкістан армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы Ғамар Джавид Баджвамен телефон арқылы сұхбатта Пәкістан қарулы күштерінің Иранның ұрланған сарбаздары мен шекарашыларын азат ету үшін мүмкіндігінше өте қысқа мерзімде неғұрлым көбірек талпыныс жасап, тиісті шара қолдануын сұрады.
-
Пәкістан ирандық шекарашыларды ұрлаған лаңкестерді ұстауға бар күшін салады
Қаз 20, 2018 21:27Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Пәкістан үкіметінен ирандық шекарашыларды ұрлаған лаңкестерді ұстау үшін жылдам әрі қатаң шара қолдануды сұрады.
-
Иранның Пәкістанға темір жол арқылы экспорты артты
Қаз 20, 2018 20:44Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Систан мен Белучистан облысының орталығы Захеданның темір жолы арқылы Пәкістанның Кветтаға тауар экспорты өткен 6 айда 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 47 пайызға артқан.
-
Хосейннің қырқы – «Арбағин» рәсімдеріне қатысу мақсатында 6500 пәкістандық зияратшы Захедан қаласына келді
Қаз 18, 2018 22:52Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Систан мен Белучистан облысындағы Ислам революциясы жетекшісінің өкілі сәрсенбі күні кешке Хосейннің қырқы – «Арбағин» рәсімдеріне қатысу үшін 6500 пәкістандық зияратшының өткен үш күннің ішінде Систан мен Белучистан облысының орталығы Захедан қаласына келгенін айтты.
-
Иран Пәкістаннан ирандық тұтқындарды босатуды сұрады
Қаз 18, 2018 18:11Иран Ішкі істер министрі Абдул Реза Рахмани Фазли Пәкістанның Ішкі істер министрімен сұхбатында ирандық тұтқындарды босату үшін барлық талпыныс жасалуы керектігін айтты.
-
Иран мен Пәкістан СІМ телефон арқылы сөйлесті
Қаз 18, 2018 10:10Иран Сыртқы істер министрі Пәкістан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатта ирандық күштерді лаңкестердің қолынан азат ету үшін сол елдің үкіметінен жылдам және қатаң әрекет қолдануды сұрады.
-
Иран Пәкістан армиясымен бірге лаңкестерге қарсы ортақ әрекетке дайын
Қаз 17, 2018 15:23Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің қолбасшысы Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаве шекарасында бірнеше ирандық шекарашының ұрланғанына тоқталып, Иранның кепілге түскендерді азат ету үшін лаңкестерге қарсы Пәкістан армиясымен ортақ әрекетке дайын екенін мәлімдеді.
-
Иран мен Пәкістанның ортақ шекаралық сауда комитетінің алтыншы отырысы басталды
Қаз 15, 2018 21:22Иран мен Пәкістанның ортақ шекаралық сауда комитетінің алтыншы отырысы бүгін Пәкістанның Белучистан облысының орталығы Кветта қаласында өз жұмысын бастады.
-
АҚШ Ираннан Пәкістанға газ тасымалдауға кедергі жасап отыр
Қаз 09, 2018 21:11Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Пәкістан арасындағы газ тасымалы туралы жасалған келісімге сілтеме жасап: "АҚШ Пәкістанның дамуына бөгет жасап, бұл елге газдың экспортталуын қаламайды",- деді.