-
ИИР Президенті Ахвазда шабуыл жасаған лаңкестерге қатаң қатынас көрсету керектігін қуаттады
Қыр 23, 2018 14:56ИИР Президенті сенбі күні елдің Ішкі істер министрі Абдурреза Рахмани Фазли мен Хузистан облысының әкімі Ғоламреза Шариятимен телефон арқылы сұхбаттасып, Ахвазда шабуыл жасаған лаңкестерге қатаң қатынас көрсету қажеттігін қуаттады.
-
Рухани: Иран халқы дұшпандардың үмітін тағы үзеді
Қыр 22, 2018 16:40ИИР президенті Иран халқының дұшпандардың үмітін тағы үзетінін баса айтып: "Бүгінде соғыс таңу әдісі қолданыстан шыққан. Енді АҚШ-тың өзі тікелей Иран халқына қарсы тұрып, келісімдерді бұзуға кірісті",- деді.
-
Рухани: Әлем АҚШ-тың біржақты саясаттарына қарсы
Қыр 22, 2018 14:54ИИР президенті АҚШ-тың Иран халқын жақтаушы уәждерінің толығымен екіжүзді әрі жалғандығын қуаттап: "Әлемнің басым елдері бір дауыстан АҚШ-тың біржақты саясатына қарсылық танытып, бұйрықтарына көнбейді",- деп баса айтты.
-
Рухани: АҚШ-тың әлемдегі жағдайы өте нашар
Қыр 13, 2018 16:11ИИР Президенті аймақтағы жағдайы беймәлім бірнеше ел мен режимнен басқа ешкімнің АҚШ-тың жанында тұрмағанын айтып: "АҚШ-тың әлемдегі жағдайы өте нашар",-деді.
-
Мохаррам – шындыққа табандылық білдіріп, қиындықтардан өтуге шабыттандыратын ай
Қыр 12, 2018 16:41ИИР Президенті Рухани мохаррамды шындыққа табандылық білдіру мен қиындықтардан өтуге шабыттандыратын ай деп атады.
-
Рухани Тәжікстан мен Солтүстік Кореяны Тәуелсіздік күндерінің жылдығымен құттықтады
Қыр 09, 2018 15:19ИИР Президенті Хасан Рухани құттықтау жолдауында Тәжікстан республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтап, ортақ талпыныстардың арқасында екіжақты байланыстың қос елдің мүдделерін қамтамасыз ету және аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту жолында дамитындығына үміт білдірді.
-
Рухани: Иранда АҚШ, сионистік режим мен олардың қолшоқпарларынан басқа дұшпан жоқ
Қыр 08, 2018 21:27ИИР Президенті сенбі күні Теһранда IV Шәһид Раджаи фестивалінде ИИР-ның бірлік пен біртұтастықтың арқасында дұшпандарды жеңетіндігіне тоқталып: "Иран халқы ешқашан АҚШ-тың қысымына тізе бүкпейді.
-
Ресей, Түркия мен Иран басшылары Теһранда ортақ баспасөз отырысын өткізді
Қыр 08, 2018 15:44ИИР президенті Хасан Рухани жұма күні Иран, Ресей мен Түркияның үшжақты отырысы аяқталғаннан кейін тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде Теһран отырысының өте тиімді әрі пайдалы болғанын айтып: "Иран АҚШ пен сионистік режимнің Сирия істеріне араласпауын қуаттайды. Ресей мен Түркия да осы мәселеге қатысты Сирияда шетелдік әскерилердің араласуының Сириядағы қиындықтарды арттырып, Сирия халқын көп қайғы-қасірет пен азапқа салатындығымен келісіп отыр",-деп баса айтты.
-
Рухани мен Лариджани ирандық спортшыларды Азия ойындарындағы жеңістерімен құттықтады
Қыр 02, 2018 13:48ИИР Президенті Хасан Рухани мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күнгі жолдауында Иран халқын, спортшылар мен жаттықтырушыларды Индонезияда өткен Азия-2018 ойындарында ирандық спортшылар тобының жеңісімен құттықтады.
-
Рухани: АҚШ ешбір міндеттемесіне тұрақты емес
Там 30, 2018 17:21ИИР Президенті АҚШ-тың Теһранға қарсы санкцияларына тоқталып: «Халықаралық заңдарға қайшы Иранға санкция салып отырған АҚШ үкіметі ешбір міндеттемесіне тұрақты емес»,- деді.