-
Клинтон сауалнамаларда көш бастап келеді
Қаз 30, 2016 20:39«CNN» телеарнасы өз хабарында «The Washington Post» басылымы мен «ABC» арнасының қазан айының 2-27 күндері бірлесіп жүргізген сауалнамаларының қорытындылары демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтонның 47 пайыз ықтималды дауыспен екі пайыз аралықта өзінің республикалық партиядағы бақталасы Дональд Трамптан ілгері шыққанын көрсететінін мәлімдеді.
-
Трамп АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жететінін мәлімдеді
Қаз 28, 2016 17:04АҚШ-тың президенттік сайлауындағы республикашылдардың үміткері осы сайлауда жеңіске жететінін мәлімдеді.
-
Трамп Обамадан Клинтонның электронды құпия хаттарын тексеруді сұрады
Қаз 26, 2016 21:42Дональд Трамп «Reuters» ақпарат агенттігіне берген арнайы сұхбатында осы елдің қазіргі президенті Барак Обамадан өзінің демократ бақталасы Хиллари Клинтонның электронды хаттарының әшкереленуіне байланысты оны айыптап, тексеруді сұрады.
-
Сандар жаңылыспайды (8)
Қаз 22, 2016 20:05АҚШ-та өтетін президенттік сайлау науқанына қатысып жатқан үміткерлер Дональд Трамп пен Хиллари Клинтонның соңғы бір жыл ішінде үгіт-насихатқа жұмсаған қаражаты 1 млрд 632 млн доллар болды. Бұл бюджетпен кедейлік деңгейінен төмен тұратын кем дегенде 3 млн 326 мың 369 америкалықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге болады.
-
Голливуд пен АҚШ сайлауының арасындағы дау-жанжал
Қаз 23, 2016 12:49Клинтон мен Трамптың үгіт-насихат кампаниясы биыл да өткен кезеңдердегідей Голливуд актерларының ұзын тізімін өз үміткерлерін қолдаушылардың қатарына тізіп қойды. Бұл - барлық елдерде сайлау үміткерлері халықтың даусын жинау үшін пайдаланатын амал-шарғылардың бірі. Құрама Штаттарында да бұл тәсіл бұрыннан бері қолданылып келеді.
-
Трамп үшінші пікірталастың алдында қарсыласын допингке тексеруді сұрады
Қаз 16, 2016 22:47Батыстың кейбір ақпарат құралдары республикалық партияның үміткері Дональд Трамптың Нью-Гэмпширдегі бір баяндамасында сайлау алдындағы үшінші және соңғы пікірталастың өтуінен бұрын демократ бақталасы Хиллари Клинтонды допингке тексеруді сұрағанын хабарлады.
-
Сандар жаңылыспайды (2)
Қаз 16, 2016 17:49АҚШ-тың президенттік сайлауына жұмсалатын қаражат Калифорния штаты халқының 54891 адамды емдеуге бөлетін бюджет немесе осы штаттағы мектептерде 123774 оқушыны оқытуға жұмсалатын бюджетпен бірдей.
-
Сандар жаңылыспайды (1)
Қаз 16, 2016 17:4026 бөлімнен тұратын «Бір қарапайым салыстыру» атты бағдарламада 150-200 сөзбен АҚШ-тағы президенттік сайлаудың қаражатын АҚШ үкіметінің осы ел халқының қоғамдық әл-ауқатын жақсарту үшін қызмет көрсетуге бөлген бюджеті және әлемдік қиыншылықтарды (аштықты төмендету, балалардың өлім-жітімін азайту, сауатсыздықты азайту, парниктік газдарды азайту және т.б.) шешу үшін қажет бюджетпен салыстыратын боламыз.
-
Хиллари Клинтон Дональд Трамптан дауыс саны бойынша алға шықты
Қаз 13, 2016 21:33«Real Clear Politics» интернет торабы жариялаған сауалнама бойынша, АҚШ-тың президентік сайлауында Демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтон 48 пайыз, республикашылдардың үміткері Дональд Трамп 41,8 пайыз дауыс жинаған. Бұл Клинтонның Трамптан 6,2 пайызға озғанын көрсетеді.
-
Хиллари Клинтон Дональд Трамптан алға шықты
Қаз 11, 2016 15:50Жаңа сауалнама қорытындылары Америка президенттік сайлауындағы демократиялық партияның үміткерінің өзінің республикалық партиядағы бақталасынан 11 пайыз озғанын көрсетті.