Pars Today
The New York Times газеті өз мақаласында: "Сионистік режим АҚШ-қа шәһид Сайяд Ходаиға террор жасағанын мәлімдеді",-деп жазды.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи осы ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерришке жазған хатында: "2022 жылы 22 мамырда Иран Қарулы күштерінің құрамында лаңкестікпен күрес және ДАИШ-ке қарсы тұру саласында белсенді рөл атқарған шәһид Сайяд Ходаиға террор жасалды",-деп жазды.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы шәһид Сайяд Ходаидің қанының зая кетпейтінін, дұшпанның кез келген әрекетіне қатаң жауап берілетінін қуаттады
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Сақшылар корпусы қолбасшыларының бірі, қасиетті кесененің қорғаушысы, Хасан Саяд Ходаиге қарсы лаңкестік әрекет сионистік режимнің қатыгездігі мен жауыздығын тағы да әшкереледі»,- деді.
Шәһид Хасан Сайяд Ходаимен қоштасу рәсім бүгін, сейсенбі күні Теһрандағы Имам Хосейн алаңында өтіп, ол Бехешт-Захра зиратында жерленді.
ИИР Президенті шәһид Сайяд Ходаидың қаны үшін міндетті түрде кек алынатынын айтып: "Бұл террорда әлемдік үстемшілдердің қолы байқалатыны анық",-деді.