Рухани: Палестина халқы ешқашан жалғыз қалмайды
ИИР президенті әлемдік Құдс күнінің салтанатты шеруі барысында Палестина халқының ешқашан жалғыз қалмайтындығын қуаттап: "Біздің төзімділік пен қарсыласудың арқасында жеңіске қол жеткізетіндігіміз даусыз" деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, президент Хасан Рухани бүгін жұма күні әлемдік Құдс күні шерулері аясында тілшілер алдында: «Мұсылман халықтың аймақтағы бір арманы – аймақтың қауіпсіздігі. Аймақ қауіпсіздігі жолдарының бірі – мұсылман халықтың өз елінде өмір сүру мүмкіндігіне ие болуы» деді.
Рухани Палестинаның мұсылман халқының 70 жылдан бері өздерінің негізгі отанынан жырақта жүргеніне сілтеме жасап: «Осы елді жаулап алған басқыншылар өкінішке орай бірде-бір халықаралық заңдар мен адамгершілік қағидаларына берік емес.
Сионистік режим – үстемшілдер мен Американың аймақтағы базасы.
Бүгінде осы базамен күрескен және осы аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуды қалаған ешбір ел әлемдік үстемшілдерге жақпайды.
Иранның мұсылман халқының үндеуі мынадай: Палестина халқы жалғыз емес, халық әлемдегі зұлымдыққа ұшырағандар мен Палестинаның мазлұм халқының жанынан табылады. Біздің төзімділік пен қарсыласудың арқасында жеңіске қол жеткізетіндігіміз даусыз» деді.