Қыр 10, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Иранның түкпір-түкпірінде Сауд әулеті мен Халифе әулетінің қылмыстарын айыптаған шерулер өтті

Иранның миллиондаған халқы жұма күні бүкілхалықтық шеру өткізіп, Сауд әулеті мен Халифе әулетінің аймақ халықтарына қарсы қылмыстарын айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран халқының кешегі шеруі Сауд әулеті режимінің өткен жылы Минада мыңдаған шетелдік және ирандық қажыларды жаппай қыруы және Халифе әулетінің Бахрейнде  жапа шеккен халықты айуандықпен басып-жаншуына наразылық білдіріп, осы ел шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемге қолдау көрсету ретінде өткізілді.  

Осы шеруде жарияланған мәлімдемелерде: «Сауд әулеті режимі өзінің Минадағы қылмысына жауапкершілікті қабылдамаса және басқа ислам елдеріне араласушылығының шығындарын өтеуге шешім қабылдамаса, Халифе әулетінің озбыр режимі халықты басып-жаншуын, жетекшілер мен діни үлгілер, әсіресе шейх Иса Ғасемге құрметсіздік көрсетуін тыймаса, жақынды ислам әлемінің революцияшыл жастарының ашу-ызасына ұшырайды»,-деп қуатталды.    

 

Тегтер