Рухани: Иран аймақтағы экономикалық алпауыт елге айналуды мақсат етуде
Иран президенті сындарлы әрекеттестік пен аймақтағы экономикалық алпауыт елге айналуды және сегіз пайыздық дамуға қол жеткізуді Иранның "Даму перспективасы» құжатының мақсаттарының қатарында атады.
Иран президенті Хасан Рухани бүгін Орталық облыстың әкімшілік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде әлеммен технология саласында әрекеттестік жасаудың Иранды даму мақсаттарына тезірек жеткізетінін, Иранның «Даму перспективасы» құжатын жүзеге асыру үшін аймақ пен әлемнің және елдің ішкі мүмкіндіктерін пайдаланып, экономиканың өркендеуі үшін іргелі ғылымдар компаниялары мен өнеркәсіп пен заманауи ауылшаруашылығының дамуына көмектесу керектігін қуаттады.
Рухани экспортты дамыту мен Азияның шығысындағы елдердің экономикаларын өркендетуге де тоқталып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қоқан-лоққыны мүмкіндікке айналдыру үшін мұрсат болды. Барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, жаңа технологияларды енгізіп, елдің немесе шетелдік компаниялардың әлеуеттерін пайдаланып, өнімдерді шикізат күйінде сатуға тосқауыл қою керек» деді.