Рухани мен Изетбегович ортақ ақпарат отырысын өткізді
(last modified Tue, 25 Oct 2016 12:32:09 GMT )
Қаз 25, 2016 18:32 Asia/Almaty
  • Рухани мен Изетбегович ортақ ақпарат отырысын өткізді

ИИР Президенті мен Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасы екіжақты байланыстарды, оның ішінде, экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуді қуаттады.

Иран президент әкімшілігінің мәлімдеуінше, ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасы  Бакир Изетбеговичпен ортақ ақпарат отырысында Босния және Герцеговина тәуелсіздік алғаннан бері екі ел достық әрі берік қатынаста болғанын айтып: "Босниялық делегацияның Теһранға сапарының Иран мен Босния және Герцеговинаның қарым-қатынастарын неғұрлым көбірек арттыру кезеңінің бастамасы болатыны сөзсіз" деді. 

Рухани сонымен қатар аймақтық мәселелер мен лаңкестік туралы: "Аймақтық мәселелер, оның ішінде, әсірешілдік пен лаңкестік аймақ пен әлемге төніп тұрған үлкен қауіп-қатер ретінде барлық елдерді алаңдатып отыр" деді. 

Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасы Сараево-Теһран қарым-қатынастарының әрдайым достық, берік әрі мықты болғанын айтып: "Иран Босния соғысы кезінде қантөгісті тоқтатып, осы елде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнығуына көп талпыныс жасады. Босния және Герцеговина Еуропа одағымен ынтымақтастық жасауда мықты әрі заңдық шеңберден аспайды. ИИР Босния және Герцеговина арқылы Еуропа одағының сауда нарығына еш қиындықсыз кіре алады" деді.