Рухани: 13-ші абан - шетелдік отаршылдықпен күрестің көрінісі
ИИР Президенті 13-ші абанды шетелдік отаршылдықпен күрестің көрінісі деп атады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Мәдени революцияның жоғары кеңесінде отаршылдыққа қарсы күрестегі имам Хомейни мен діндарлардың қозғалысын діни оқу орындарының мақтанышы деп атап: «Капитуляция заңына қарсы шыққаны үшін имам Хомейниді жер аударған тарихи күн – 13-ші абан ішкі үстемшілдікпен күресумен бірге шетелдік отаршылдыққа қарсы күрестің көрінісі. Халық, студенттер мен оқушылардың имам Хомейни бастаған қозғалысқа қосылуы халықтың озбырлық пен үстемшілдікке қарсы табиғи әрекеті болып, 13-ші абанды отаршылдыққа қарсы ұлттық және қоғамдық қозғалысқа айналдырды»,- деді.
Осыдан 37 жыл бұрын 13-ші абан күні (1979-шы жылдың қараша айы) Иран студенттері АҚШ-тың Иранның Ислам революциясына қарсы көптеген қастандықтарына наразылық білдіріп, Теһрандағы АҚШ-тың тыңшылық ұясын басып алды.
Иран халқы Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдары әлемдік үстемшілдікке қарсы ұлттық күнін атап өтіп, исламдық Иранның бірлігі мен күш-қуатын көрсетуімен бірге бұл революцияның шынайы жолдауын, яғни үстемшілдікке қарсылығын жеткізді.