Руханидің 22- ші баспасөз көрмесінде сөйлеген сөзі
https://itolqyn.com/news/iran-i17470
ИИР президенті бірлік пен тұтастық арқылы аймақта қауіпсіздік орнату қажетттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 06, 2016 09:16 Asia/Almaty
  • Руханидің 22- ші баспасөз көрмесінде сөйлеген сөзі

ИИР президенті бірлік пен тұтастық арқылы аймақта қауіпсіздік орнату қажетттігін қуаттады.

ИИР президенті Хасан Рухани  сенбі күні Теһранда 22- ші баспасөз көрмесінің ашылуы рәсімінде сөйлеген сөзінде аймақтағы күрделі жағдайға сілтеме жасап: «Аймақ қауіпсіздікті талап етеді. Осы қауіпсіздікке лаңкестер мен дұшпандарға қарсы бірлік пен тұтастықтан өзге жол арқылы қол жеткізу мүмкін емес» деді.

Рухани аймақтағы бүгінгі қауіпсіздік саласындағы  түйткілдерді діни реңкке ие болып, надандық пікірмен астасқан лаңкестік деп атап, кейбір топтардың исламды қате және бұрыс түсінулерінің салдарынан мұсылмандарды қырып жатқанын айтты.

ИИР президенті наразылықты лаңкестіктің өрістеуінің факторы деп атап: «Аймақтағы қауіпсіздік саласындағы түйткіл қоғамның бірлігі және тұтастығымен шешіледі. Дипломатия соғыс пен қақтығыстың алдын алудағы маңызды фактор болып табылады.

Осындай жағдайда Иран халқын лаңкестіктің сұм астыртын әрекеттерінен қорғай алатын нәрсе ұлттың бірлік-ынтымағы болып табылады. Иран қарулы күштері аймақтағы маңызды алпауыт ретінде жауыздар мен дұшпандардың кез- келген ықтималды шапқыншылығына батылдықпен қарсы тұрады» деді.