Велаяти: АҚШ-тан міндеттерін орындауды талап етуіміз керек
(last modified Mon, 07 Nov 2016 09:29:15 GMT )
Қар 07, 2016 15:29 Asia/Almaty
  • Велаяти:  АҚШ-тан міндеттерін орындауды талап етуіміз керек

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти: "Америкалықтар "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттерін орындаған жоқ. Біз олардан міндеттерін орындауын талап етуіміз керек" деді.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти үшінші телеарнадағы бір бағдарламада: "Біз "Ортақ қадам" бағдарламасынан кейін басқа елдермен байланыс жасап отырғанымызбен, америкалықтар өздеріне қатысты міндеттерді орындамай отыр. Америкалықтардың бізге қарсы құрған одағын бұзу үшін ядролық келіссөздер өткізу жүйенің дұрыс шешімі болды. Ислам Республикасы келіссөздерде өзінің заңды құқықтарын дәлелдеуі керек болды. Ол үшін келіссөздер жетекшінің айтқанындай өтуі керек еді" деді.

Велаяти АҚШ-тың президенттік сайлауындағы қос үміткерді бір тиынның екі беті деп атап: "Осы екеуінің қайсы билікке келсе де АҚШ-тың құлдырауы күшейе түседі. АҚШ әлемдегі жалғыз алпауыт мемлекет болып қалмайды" деді.