Рухани: Шәһидтердің төгілген қандарын есте сақтау – баршаның міндеті
https://itolqyn.com/news/iran-i18325
ИИР Президенті Қасиетті қорғаныс жылдарындағы қолбасшылардың бірі әрі Ислам революциясы Сақшылар корпусының аға кеңесшісі шәһид сардар, бригада генералы Хосейн Хамаданидің жанпидалығын дәріптеп, құрметті шәһидтердің төгілген қандарын есте сақтауды баршаның міндеті деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 20, 2016 19:50 Asia/Almaty
  • Рухани: Шәһидтердің төгілген қандарын есте сақтау  – баршаның міндеті

ИИР Президенті Қасиетті қорғаныс жылдарындағы қолбасшылардың бірі әрі Ислам революциясы Сақшылар корпусының аға кеңесшісі шәһид сардар, бригада генералы Хосейн Хамаданидің жанпидалығын дәріптеп, құрметті шәһидтердің төгілген қандарын есте сақтауды баршаның міндеті деп атады.

Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке имам Хосейннің (ғ.с.) қырқы қарсаңында шәһид Хосейн Хамаданидің отбасында болып, жанұя мүшелерімен сұхбаттасу барысында Иранның тәуелсіздігі мен бүгінгі абырой-беделін жоғары мәртебелі шәһидтер мен ардагерлердің жанпидалығының арқасы деп бағалап: «Біздің жауынгерлердің табандылығы, жанпидалығы мен қарсыласуы осы күнге дейін ел мерейінің асқақтауына себеп болды. Отан үшін жан қиып, шәһид болу рухы болашақта Иранды дұшпандар мен жамандық тілеушілердің қастандықтарынан аман сақтап қалады»,-деп қуаттады.

Хасан Рухани, сондай-ақ, сенбі күні түстен кейін қасиетті қалаларды қорғаушы шәһид Аммар Бахманидің отбасы мүшелерімен кездесіп, сұхбаттасқанда: «Жастардың табандылығы, жанкештілігі мен шәһид болу рухы елдің мерейінің үстем болуына себеп болды»,-деді.