Рухани: Халықтық ерікті күштер әлемдегі көптеген мұсылмандарға үлгі
https://itolqyn.com/news/iran-i18502
ИИР президенті халықтық ерікті күштердің бүгінде әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген мұсылмандарға үлгі болып табылатынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 24, 2016 08:38 Asia/Almaty
  • Рухани: Халықтық ерікті күштер әлемдегі көптеген мұсылмандарға үлгі

ИИР президенті халықтық ерікті күштердің бүгінде әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген мұсылмандарға үлгі болып табылатынын айтты.

ИИР президенті Хасан Рухани министрлер кабинетінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Ирандағы халықтық ерікті күштердің үлгісі Ливан, Ирак, Йемен, Ауғанстан мен дағдарысқа ұшырап отырған барлық ислам елдерінде қауіп- қатерге тосқауыл қою мен елдерін қорғау үшін аса тиімді үлгілердің бірі болып отыр.

Иран үкіметі халықтық ерікті күштер мен қарулы күштерге қолдау көрсетуді және ұлттық бірлікті сақтау мен күшейтуді өзінің міндеті санап, осы жолда еш талпыныстан аянбайды.

Халықтық ерікті күштер ұлттық бірлікті білдіреді. Иран миллиондаған ерікті күштерге ие болғандықтан ешбір мемлекеттің бізге қарсы астыртын әрекет жасауға батылы бармайды. Ал егер ағаттық жасаса, Иран халқынан үзілді- кесілді жауап алады» деді.

Қарашаның жиырма бесі халықтық ерікті күштер – «Басидждің» негізі қаланған күн болып табылады. Сол себепті қарашаның 19-25 күндері Иранда «Басидж» апталығы деп аталған.