Өндіріс әлеуетін арттыру Иранның ұлттық айбындылығын жоғарылату үшін алғышарт әзірлейді
https://itolqyn.com/news/iran-i19858
ИИР президенті: «Экономиканың әрбір бөлімін күшейту мен өндіріс әлеуетін арттыру Иран ислам республикасының баяндылығын жоғарылатып, оған кепілдік береді» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 13, 2016 16:28 Asia/Almaty
  • Өндіріс әлеуетін арттыру Иранның ұлттық айбындылығын жоғарылату үшін алғышарт әзірлейді

ИИР президенті: «Экономиканың әрбір бөлімін күшейту мен өндіріс әлеуетін арттыру Иран ислам республикасының баяндылығын жоғарылатып, оған кепілдік береді» деді.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда астық өндіру бойынша өз-өзін қамтамасыз етуін тойлау рәсімінде өткен он айда күнделікті мұнай өндірісінің бір млн баррельден екі млн 300 мың баррельге ұлғаюына сілтеме жасап: «Ядролық келіссөздердің табысты болуынан кейін іске асқан өндірістің ұлғаюы Венадағы Мұнай Экспорттаушы Елдер Ұйымының (ОПЕК) соңғы отырысында Иран мұнай өнеркәсібі басшыларының сөзін өткізу күшіне алғышарт әзірледі» деді.

ИИР пезиденті Иранның ОПЕК- тің жуықтағы отырысындағы табысын мұнай саласындағы келесі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деп атап: «Осы жетістік Израиль мен қате саясат ұстанған аймақтағы елдердің бірі үшін сәтсіздік болды.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру жұмысымен шұғылдандыру, ұлттық жалпы өнімнің артуы мен азық-түлік қауіпсіздігіндегі рөлімен қоса Иранның ұлттық айбындылық, баяндылық және тәуелсіздігіне алғышарт әзірлейді» деді.