Рухани: Шиіттер мен сүннитер бір-біріне бауыр және ислам діні мен пайғамбардың ізбасарлары
Иран Ислам Республикасының президенті барша мұсылмандарды ислам пайғамбары тағылымдарының аясында бірлік пен бауырластыққа шақырып: «Һәм шиіттердің жарты айы, һәм сүнниттердің үшбұрышы – қате. Сүнниттер мен шиіттер бір-біріне бауыр және ислам діні мен исламның ардақты пайғамбары сүннетінің ізбасарлары» деді.
ИИР-ның президенті Хасан Рухани бүгін, бейсенбі күні Теһранда «Ислам бірлігі» атты халықаралық конференцияның 30-шы кезеңінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде дұшпандардың ислам қоғамдарында үмітсіздік пен торығу орнатып, мүмкіндіктерді жоюды мақсат ететіндіктеріне тоқталып: «Сионистік режим мен соғысқұмарлардың аймақтағы мақсаты мұсылман жастардың үмітін үзу, бірақ олардың өздері жақында үмітсіздікке ұшырайды» деді.
Рухани исламдағы джиһадты зұлымдық пен шапқыншылыққа қарсы тұру деген мағынада деп атап: «Исламдағы джиһад мұсылмандарды өлтіріп, мұсылманның мұсылманға қарсы соғысуы деген мағынаны білдірмейді. Бұл діннің ұлылығы мен мұсылмандардың ғиззатын қорғау деген мағынада» деп қуаттады. Иран президенті кейбір мұсылмандардың сионистік шапқыншы режимге деген кектің орнына бір-біріне кектенген апатын сынға алып: «Алеппо мен Мосулды қирату мен мұсылман жастарды бауыздаудың жауапкершілігі батыс елдері мен олардың аймақтағы қолдаушыларының мойнында» деді.
Иран Ислам Республикасының президенті Сирияның Алеппо қаласының лаңкестердің басқыншылығынан азат етілуіне де сілтеме жасап: «Алпауыт елдер мен аймақтың кейбір диктатор үкіметтерінің лаңкестікті құрал ретінде пайдалануы нәтижеге жетпейді.
Бір күні барлық ислам елдерінің бауырластығы мен сионистік режимге қарсы бауырластық одағына куә боламыз. Исламның біртұтас үмбеті Америка мен Англия және басқа да алпауыттардың орнына ұлы Құдайға сүйенетін кезде құрылатын болады. Исламның ортақ дұшпаны – сионистік режим мен америкалық ислам. Бүгінде хазірет Мохаммадтың пәк исламы америкалық исламға қарсы тұр» деді.
«Ислам бірлігі» халықаралық конференциясының 30-шы кезеңі бүгін бейсенбі күні таңертең Теһранда «Бірлік: лаңкестік топтармен күресудің қажеттілігі» деген ұранмен басталып, үш күнге ұласады. Конференцияда 300-ден астам ирандық және шетелдік қонақтар лаңкестік ағымдармен күресудің қажеттігі сынды мәселелерді қарастыратын болады.