Рухани мұсылман елдерінің басшыларын Пайғамбардың (с.ғ.с.) мәулітімен құттықтады
Жел 17, 2016 20:55 Asia/Almaty
Иран Ислам Республикасының президенті мұсылман елдері президенттеріне жіберген хаттарында Исламның ұлы Пайғамбары хазірет Мохаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) мәулітімен құттықтады.
ИИР президенті Хасан Рухани мұсылман елдері басшыларына жіберген хаттарында ізгілік пен рақымдылықтың жаршысы, ұлы жаратылыстың көрінісі мен үздік үлгі болып табылатын Исламның ардақты Пайғамбарының (с.ғ.с.) арқасында мұсылмандардың халықаралық бауырластығы мен достығының одан әрі артатындығына үміт білдірді.
Рухани құттықтау хаттарында мұсылман елдерінің осы баға жетпес мұрасын пайдалана отырып, көбірек күш-жігермен әлем халықтарына исламның рақымды әрі нұрлы бейнесін көрсететінін баса айтты.
Тегтер