Зариф: Иранның саясаты Ауғанстанда тұрақтылық орнатуға бағытталған
(last modified Mon, 30 Jan 2017 08:18:28 GMT )
Қаң 30, 2017 14:18 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранның саясаты Ауғанстанда тұрақтылық орнатуға бағытталған

Иран Сыртқы істер министрі: «Иранның саясаты Ауғанстанның ұлттық бірлік үкіметіне қолдау жасау арқылы бұл елде тұрақтылық орнатуға бағытталған»,- деді.

Иран СІМ дипломатия жөніндегі бас басқармасының хабарлауы бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһранда өткен БҰҰ бас хатшысының Ауғанстан ісі жөніндегі өкілі Тода Мичи Ямамотомен кездесуі кезінде: «Иран БҰҰ-ның Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық бастамаларына қолдау жасап келеді»,- деді.

Сонымен қатар, Зариф Иранның Ауғанстанда тұратқылық орнатуды қалайтынын қуаттап: «ИИР БҰҰ-мен Ауғанстанға байланысты барлық салаларда ынтымақтастық жасауға әзір»,- деп мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысының Ауғанстан ісі жөніндегі өкілі Тода Мичи Ямамото аталмыш кездесу барысында ИИР-ның Ауғанстанға қатысты сындарлы әрекеттері мен Ұлттық бірлік үкіметіне қолдау көрсеткенін баса айтып: «Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдай бұл елден әскери күштердің шығарылуынан кейін нашарлап кетті. Ауғанстан үкіметінің өткен бір жарым жыл ішіндегі бейбітшілік орнатуға бағытталған талпыныстарына қарамастан, елдегі әскери емес бейбіт тұрғындар ішіндегі қаза болғандар саны әлі жоғары деңгейде»,- деді.

Сондай-ақ, Ямамото Иранның Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуда сындарлы рөл атқаруын жалғастыруды сұрады.