Нау 08, 2016 22:05 Asia/Almaty
  • Арақчи: Ядролық келіссөздерде Иранның қалауы әлемнің алты алпауыт еліне жүктелді

«Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының орындалу барысын қарастыру штабының ирандық төрағасы: "Иранның ядролық келіссөздегі негізгі талабы мен жетістігі Иран ислам республикасының қалауын әлемнің алты алпауыт еліне жүктеу болған" деп мәлімдеді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалу барысын қарастыру штабының ирандық төрағасы сейіт Аббас Арақчи Иранның атқарушы аппараттарының құқықтық орынбасарлары саммитінің 49- шы отырысында ядролық келіссөзді жүйенің дипломатиялық әлеуетінің көрінісі, ал «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын Иран халқының ядролық энергияны өзінің даусыз хақысы деп санаған ұранынан бас тартпаған 12 жылдық қарсыласуы мен төзімділігінің жемісі деп атап: «Келіссөздердің нәтижесі екі тарап үшін «ұтыс- ұтыс» болып табылады, яғни Иран да, қарсы тарап та өз қалауына жетті. Олардың қалауы біздің қалауымызға қайшы болмады.

Қарсы тараптың қалауы бірнеше кезеңнен кейін Иранның ядролық бомбаға қол жеткізуінің алдын алу және соғыссыз осы мақсатқа қол жеткіздік деген уәж айту еді. Иранның пікірі бойынша бұл ұпай болып саналмайды, өйткені Иран ислам республикасының доктринасында ядролық қаруға орын жоқ» деді.

Тегтер