Революция жетекшісі: АҚШ-тың Сирияға шабуылы – стратегиялық қателік
(last modified Mon, 10 Apr 2017 08:24:07 GMT )
Сәу 10, 2017 14:24 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі: АҚШ-тың Сирияға шабуылы – стратегиялық қателік

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Сирияға қарсы жасаған шабуылына сілтеме жасап: "Қылмыс, зорлық-зомбылық пен түрлі заң бұзушылықтар америкалықтар тарапынан бастау алып отыр. Бұл ел әлемнің басқа жерлерінде де осындай әрекеттер жасаған"- деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран Қарулы күштерінің аға қолбасшыларымен Наурыз мерекесінен кейінгі кездесуінде АҚШ-тың жуырдағы Сирияға қарсы әскери шабуылына тоқталып: "Америкалықтардың жасағаны стратегиялық қателік болып табылады. Олар бұрынғылардың қателігін қайталап отыр. АҚШ-тың бұрынғы басшылары ДАИШ-ті құрды немесе сол топқа көмек көрсетіп отырлы. Американың қазіргі басшылары да ДАИШ немесе сол секілді басқа лаңкестік топтың күшеюіне жағдай жасап отыр",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі бұл топтардан туып отырған қатердің келешекте америкалықтардың өзіне қауіп төндіретінін баса айтып: "Еуропа лаңкестердің күшеюіне жағдай жасаған қателігі үшін бүгін түрлі қиындықтарға тап болып отыр.  Ол елдің халқы өз үйлері мен көшелерінде қауіпсіз емес",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи дұшпанның халық пен басшылардың және Иран Қарулы күштерінің рухын түсіруіне, сондай-ақ, "мүмкін емес және қолымыздан келмейді" деген көзқарасты таңуға бағытталған жоспарына сілтеме жасап: "Иранның Қарулы күштері Құдайға сенім артып, өз күштеріне сеніп, күннен күнге өздерінің әлеуеті мен қабілеттерін арттырып, асқақ армандары және өздерінің бастамасымен тапшылық пен кемшіліктердің және бос кеңістіктердің орнын толтыруы тиіс",- деді.