Сәу 11, 2017 18:00 Asia/Almaty
  • Иранда он екінші президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталды

Ирандағы он екінші президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу бүгін, сейсенбі күні таңертең басталды. Үміткерлердің 15 сәуірге дейін Иранның он екінші президенттік сайлауына тіркелетін мұрсаттары бар. Ирандағы он екінші президенттік сайлау 19 мамыр күні қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші шақырылымы және мәжіліске аралық сайлаулармен бір мезгілде өтеді.

 

 

Иранның келесі президенті талаптарға сай келген үміткерлердің арасынан халықтың басым көпшілігінің дауысымен сайланады. Осы сайлаудың нәтижесі бір кезеңде шешіледі немесе екінші кезеңде жалғасады. Сол себепті қанша үміткердің бәсеке алаңына келетінін және қай үміткердің жан-жақты бағдарлама ұсыну арқылы халықтың дауысына ие бола алатынын көру керек. Алайда халық өздерінің қалаулы президентінен қандай үміт күтеді? Хасан Рухани одан әрі бәсеке алаңында қалып, тағы бір кезең президент бола ма?

Иранда он екінші президенттік сайлау мынадай жағдайда өткелі отыр: экономикалық мәселелер, қоқан-лоққылар және Иран халқының алға қарай әрекет етуі жолындаға кедергілер шынайы түйткілдер ретінде талқыланып отыр. Сондықтан жұмыспен қамту көрсеткіштерін жақсарту, табыс деңгейін ұлғайту, байлықты қоғамда теңдей үлестіру және өндіріс пен инвестиция салуға қолдау көрсету, сонымен қатар экономикадағы бәсекедегі теңсіздікті шешу осы сайлаудың нәтижесіндегі аса маңызды көрсеткіштер болып табылады.

Экономикалық түйткілдерді шешу сыбайлас жемқорлықпен шынайы күресті, жұмыс пен кәсіп кеңістігіне сенімділікті қайтаруды қажет етеді. Сайлаудың осы кезеңіндегі үміткерлер жария болған бағдарламалар қалпында қиындықтардан өту үшін қолжетімді жоба мен бағдарлама ұсынып, оны күшіне енгізуі керек. Халық үміткерлерден ұран айтуды емес, іс-әрекетті талап етеді. Халықтың қалаулы президенттен күтетін үміті экономикалық тұрақтылық орнату, кемсітушіліктерді шешу  және ислам республикасы жүйесіне тән болашақ пен тұрмыс- тіршілік болып табылады. Халықтың сайлауларға қатысуға түрткісінің бір бөлігі Конституция шеңберіндегі талаптарының жүзеге асырылуы болып табылады. Халықтың қалаулы үміткерге дауыс беруі ол кісіге деген сенімді көрсетеді. Осы сенім атқарушылық қызметіне кірісетін адамның барлық мүмкіндіктерді қолдану арқылы жоспар құрып, қиыншылықтарды шешу бағытында қадам жасауын қажет етеді.

Президент ең жоғары атқарушы орган ретінде Атқарушы биліктің төрағасы мәртебесінде атқарушылық істерді басқаруда және шешім қабылдауларда жауапты рөлге ие. Сондықтан президенттік қызметтің әр жаңа кезеңінің басталуымен экономикалық мәселелер мен сыртқы қатынастар туралы стратегиялар жаңа үкімет жұмысының басты бағдарына қойылады.

Хасан Рухани қазір төрт жылдық президенттік қызметінің соңына жетіп отыр. Оның он бірінші кезеңдегі сайлауалды насихаттарында берген уәдесі қазір сыннан өткен. Енді халық он бірінші үкіметтің амал дәптері туралы оның барлық табыстары мен сәтсіздіктері негізінде төрелік жасауы керек.

Иран халқы сайлаулардың негізгі иелері ретінде қалаулы президенттен тұтас және жүйелі бағдарламамен даму мен тұрақты өсуге қол жеткізу үшін мемлекеттің саяси және атқарушылық жүйесінің күшеюіне себеп болатын жағдай жасауды күтеді.

 

 

Тегтер