Маусым 11, 2017 22:21 Asia/Almaty
  • Иран Аустриямен ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделі

Иранның Сыртқы істер министрі Зариф Аустрияның экономикалық делегациясының Теһранға сапарын бұл елдің ИИР-мен әріптестік жасауға қызығушылығының белгісі де атап: "Иран да Аустриямен барлық салалар бойынша әріптестік жасауға мүдделі" деді.

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Аустрияның Қаржы министрі Ханс Йорг Шеллингпен кездесуінде: "Екі елдің ынтымақтастықтары шеңберінде Иранның Еуропадағы ең көп банктік байланыстары Аустрия елімен жасалып жатыр" дед.

Зариф Иран мен Аустрияның жақсы қарым-қатынастарына тоқталып: "Аустриямен қарым-қатынас, әсіресе, "Ортақ қадам" бағдарламасынан кейін жақсы ілгерілеп келеді" деді.

Аустрияның Қаржы министрі Ханс Йорг Шеллинг те осы кездесуде өзінің Теһранға сапарының мақсатын Иранмен екіжақты қарым-қатынастарды, әсіресе, қаржы-экономикалық бөлімдердегі байланыстарды арттыру деп атап: "Экономикалық жұмыстар – екі елдің ынтымақтастықтары үшін қолайлы алаң" деді.

Аустрияның Қаржы министрі Ханс Йорг Шеллинг жоғары деңгейлі қаржы-экономикалық делегацияны бастап, Иранға сапармен келді.

 

Тегтер