Каспий теңізі маңындағы елдердің ортақ мәдени комитетін құру туралы ұсыныс жасалды
(last modified 2017-07-04T18:43:41+00:00 )
Шіл 05, 2017 00:43 Asia/Almaty
  • Каспий теңізі маңындағы елдердің ортақ мәдени комитетін құру туралы ұсыныс жасалды

Иранның Мәдениет және исламдық бағдарлау ұйымы Әзірбайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрі Абулфазл Караевпен Теһранда кездесуінде Каспий теңізі маңындағы елдердің ортақ мәдени комитетін құру туралы ұсыныс жасады.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдарлау ұйымының төрағасы Абузар Ибрахими Торкаман осы кездесуде Каспий теңізі маңындағы елдердің әртүрлі бай мәдениеттеріне тоқталып: "Каспий теңізі маңындағы елдердің ортақ мәдени комитетін құру бұл мәдениеттерді әлемдік деңгейде тарататын болады" деді. Әзірбайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрі Абулфазл Караев та Каспий теңізі  елдерінің ортақ мәдени комитетін құру ұсынысын құптап: "Бұл комитетті ашу аймақ елдері арасындағы ортақ ынтымақтастықтар үшін әсерлі қадам болады" деді.

 

Тегтер