Америкалық коалиция қарсыласу өзегінің алдында әлсіз
Ираның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы АҚШ бастаған ДАИШ-ке қарсы коалицияның қарсыласу өзегінің алдында бұрынғыдан бетер әлсіз екенін қуаттады.
ИРНА-ның сейсенбі күнгі хабарлауынша, Әли Акбар Велаяти Instagram-дағы жеке парақшасында Иракты Мосул қаласының ДАИШ лаңкестік тобынан азат етілуімен құттықтап: "Шамамен бес жыл бұрын дұшпандар аймақтағы кейбір кертартпа елдердің қолдауымен лаңкестік топтарды құру арқылы мұсылман халықтары мен үкіметтерді әлсірету және бөлу жобаларын жүзеге асыра бастады. Алайда қазір қарсыласудың алдында бұрынғыдан бетер әлсірей түсті.
Ирак халқының шынайы достары мен серіктестерінің көмегімен қол жеткізген жеңісі мен жетістігі – аймақтағы халықтың кез-келген қастандық, дұшпандық, әсірешілдік, тәкфіршілік пен лаңкестік алдындағы табандылығы, қарсыласуы, жанкештілігі мен күш-құдіретінің белгісі" деді.
Велаяти осы жеңістің баянды болатындығына сенім білдіріп: "Иранның принципті әрі негізгі саясаты – шетелдік үкіметтердің аймақтың істеріне араласпауы, лаңкестік, әсірешілдік пен тәкфіршілдіктің кез келген түрімен күресу, заңды үкіметтердің жер тұтастығын сақтау және әлемнің осындай қастандықпен күрестегі шынайы ерік-жігерінің қажеттілігі" деді.