Қарсыласу – сионистік режиммен күресудің жалғыз жолы
(last modified Thu, 27 Jul 2017 08:45:00 GMT )
Шіл 27, 2017 14:45 Asia/Almaty
  • Қарсыласу – сионистік режиммен күресудің жалғыз жолы

Эксперттер кеңесінің басшысы аятолла Жәннати: «Палестиналықтардың жаңа интифазасы қарсыласудың сионистік режимнің алдында Палестинаның жапа шеккен халқының мақсаттарына жетудің жалғыз жолы екенін көрсетті»,-деді.

Эксперттер кеңесінің басшысы аятолла Жәннати сәрсенбі күні Эксперттер кеңесінің Басқарма кеңесінің отырысында Палестина халқының сионистік режимнің қылмыстары мен басқыншылықтарына қарсы табандылығына алғыс айтып: «Палестина жастарының қарсыласуы қазіргі таңда жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл шәһидтік сионистік режимді тізе бүгуге мәжбүрлейді. Палестина халқы, әсіресе палестиналық жастар сионистік режимді жеңудің жалғыз жолының қарсыласу екенін түсінді»,-деді.

Эксперттер кеңесінің басшысы, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларын айыптап: «Бұл санкциялар америкалықтарға мүлде сенуге болмайтынын көрсетті»,-деді.