Қыр 09, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Зариф БҰҰ-ның Бас хатшысына Мьянма мұсылмандарына қатысты хат жолдады

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында әлемдік қауымдастықтан Мьянма мұсылмандарына қарсы жасалып жатқан ұйымдасқан қатігездіктерге қатысты шұғыл шара қолдануды сұрады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттеришке жолдаған хатында Мьянма мұсылмандарына қарсы жасалып жатқан ұйымдасқан қатігездіктердің жалғасуына қатысты ескерту жасап: «Әлемдік қауымдастық, әсіресе БҰҰ осы мәселе бойынша шұғыл шара қолдануы тиіс»,-деп жазды.

Сонымен қатар,  Ғодс-е Разави облысы қорының құрылтайшысы сейіт Ибрахим Раиси: «Адам құқығын қорғаушылардың Мьянма мұсылмандарына қарсы қорқынышты қылмыстар мен тоқтаусыз қырғынға қатысты сорақы үнсіздігі мен екіжүзді қатынасы өте өкінішті»,-деді. 

Ибрахим Раиси қорғансыз әрі панасыз рохинья ерлері, әйелдері мен балаларының мұсылман болғаны үшін жаппай қырылып жатқанына тоқталып: «Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар қайда? Жапа шегіп жатқан рохинья мұсылмандары адам емес пе?»-деп қынжылыс білдірді.

 

Тегтер