Теһранда студенттер Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы геноцидтің жалғасуына наразылық білдірді
(last modified Mon, 11 Sep 2017 07:41:30 GMT )
Қыр 11, 2017 13:41 Asia/Almaty
  • Теһранда студенттер Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы геноцидтің жалғасуына наразылық білдірді

Ирандық студенттер Теһрандағы БҰҰ өкілдігінің алдына жиналып, ислам елдері мен халықаралық қауымдастықтан, әсіресе БҰҰ-нан Мьянмадағы мұсылмандардың геноцидіне қарсы әрекетсіздіктің тоқтатылуын талап етті.

Жиналғандар БҰҰ-ның әлемнің әр жеріндегі лаңкестік әрекеттерге қарсы екі жақты стандартқа ие әрекеттерін айыптап: "БҰҰ-ның 2015 жылғы Париждегі лаңкестік шабуылдар мен Йемен мен Мьянмадағы адам өлімдеріне қарсы реакциясы салыстыруға келмейді. Өйткені, БҰҰ-ның  Қауіпсіздік кеңесі Париждегі шабуылдан бір күннен кейін отырыс өткізген болатын. Алайда, Йемен мен Мьянма мұсылмандарына келгенде бұрынғысынша үнсіздік танытуда",-деді.

Наразылар Мьянма үкіметінің әрекеттерін қылмыстық сипатта деп атап, осы мәселеге қатысты ислам елдерінің, әсіресе Парсы шығанағы маңындағы елдердің үнсіздігін айыптап, Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан Мьянмадағы мұсылмандардың өлтірілу мәселесіне араласуды сұрады.

Сонымен қатар жексенбі күні ИИР-ның 120 ғылыми орталығы рохинья мұсылмандарына қарсы Мьянманың әскери күштері мен буддистерінің қылмыстарын айыптап, Мьянмадағы мұсылмандардың геноцидіне қарсы халықаралық қауымдастықтардың көзжұмбайлығы мен үнсіздігін қабылдауға келмейтінін қуаттады.