Қыр 27, 2017 14:54 Asia/Almaty
  • Аракчи: АҚШ ядролық қару бәсекесін бастады

ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары ядролық қаруға ие үкіметтердің бұл қаруды толық жою уәделеріне табанды болмауын сынап, АҚШ-тың ядролық қару бәсекесінің жаңа кезеңін бастағанын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Аббас Арақчи сейсенбі күні ядролық қаруды толық жою халықаралық күніне қатысты өткен БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында: «АҚШ-тың ядролық арсеналының басқалардан күшті екендігіне кепілдік беру  мақсатындағы соңғы әрекеттері – ядролық қару бәсекелестігінің жаңа кезеңін бастауға әшкере түрде шақыру. БҰҰ-да биыл ядролық қаруларға тыйым салу келісімнің бекітілуі әлем елдерінің енді бұл үдеріске төзбейтіндіктерін көрсетті»,- деді.

Арақчи NPT хаттамасының негізгі мақсатын әлемдегі ядролық қаруды жою деп атап, сионистік режимнің ядролық қаруға ие болу қатерінен құтылу үшін бұл режимнің хаттамаға кіру қажеттігін қуаттады.

 

 

Тегтер