БҰҰ-ның өкілі Йеменде атысты тоқтату бітімінің 10 сәуірден басталатынын мәлімдеді
БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Йемендегі қақтығысушы тараптардың 10 сәуір күні атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валад әш-Шейх Ахмад Риядта өткен бір баспасөз маслихатында: "Йемендегі қақтығысушы тараптар 10 сәуірде атысты тоқтатуға және 18 сәуір күні Кувейтте келіссөздерді бастауға келісті" деді.
Ол алдағы келіссөздердің Йемендегі соғысты тоқтату үшін соңғы мүмкіндіктердің бірі екенін айтып: "Йеменде қамауға алынғандардың жағдайын тексеру үшін комитет құру туралы келісім жасалды" деді.
Йеменнің отставкаға кеткен үкімет басшысы Ансаролла қозғалысы мен Йеменнің бұрынғы басшысы Али Абдоллла Салех партиясының бейбітшілік және жаңа саяси кеңесулерді бастау туралы шарттарын қабылдап отырған көрінеді.