Амир Абдоллаһиан: Арбағин шеруінің ең маңызды жолдауы – ислам әлемінің айбынын паш етуі
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі имам Хусейн (ғ.с.)-ның Арбағині шеруінің халықаралық сахна мен бірлік саласындағы ең маңызды жолдауының ислам әлемінің айбынын паш ету екенін қуаттады.
Хосейн Амир Абдоллаһиан Иран теледидарының бірінші арнасының бағдарламасында сөйлеген сөзінде имам Хусейн (ғ.с.)-ның Арбағині шеруінің саяси әсерлеріне тоқталып: "Аймақ пен аймақтың сыртында ішкі қайшылықтар тудыруға көптеген әрекеттер жасалып жатқан жағдайда Исламның қасиетті атымен өткен Арбағин шеруі ислам әлемінің рухани құндылығы мен исламдық елдер арасындағы пікір бірлігін білдірді",- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Ливан Премьер-министрінің Сауд Арабиясында міндетінен кететінін жариялауы туралы: "2011 жылы аймақта исламдық ояну үдерісі басталғаннан бері АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясы әртүрлі тәсілдермен мемлекеттерді әлсіретіп, аймақтағы теңгерімді өз мүдделеріне өзгертуге әрекет жасауда",- деп баса айтты.