Зариф: АҚШ-тың шарасына зымырандық күш-қуатты нығайту арқылы жауап береміз
Иранның Сыртқы істер министрі Вашингтонның Теһранның зымырандық саласына қатысты салған санкцияларына реакция ретінде Иранның зымырандық күш-қуатын неғұрлым көбірек нығайтуды қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф Исламабадта сөйлеген сөзінде: "АҚШ-тың Иранның зымырандық бағдарламасына қатысты жуырдағы шарасына зымырандық күш-қуатты неғұрлым көбірек нығайту арқылы жауап береміз" деді.
Зариф зымырандық бағдарламаға қарсы ешқандай шектеуді қабылдамайтынын айтып, бұл бағдарламаның ядролық қаруларға ешқандай қатысы жоқ екенін еске салды.
Иранның дипломатиялық аппаратының төрағасы: "Иран Президентінің Қорғаныс министріне берген бұйрығына сәйкес, Иранның зымырандық күш-қуаты нығайтылады" деді.
АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күні 6 шетелдік және ирандық компания мен 2 ұлыбританиялық азаматтың есімін Mahan air әуе компаниясы және Иранның зымырандық бағдарламасымен әріптестік жасады деген айыппен санкциялар тізіміне енгізді.