Лаңкестікпен күрес жолындағы қымбат тәжірибе – аймақтық ынтымақтастықтар үшін қолайлы мұрсат
Жел 24, 2017 16:58 Asia/Almaty
Ирак пен Сирияда ДАИШ жеңіліске ұшыраған соң әртүрлі елдер терроризмнің тамырын жою үшін Иранның тәжірибесін жақсырақ пайдалану мақсатында Теһранмен әріптестік жасауға бет бұрып отыр.
Осы орайда Пәкістанда лаңкестікпен күрес жолдарын талқылауға арналған отырыс өткізу Теһран мен Исламабадтың терроризмен бірлесе күресу үшін байсалдырақ кеңестер өткізуі үшін жақсы себеп болды.
Отырысқа қатысу үшін Исламабадқа сапармен барған Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: "Мұндай отырыстарды өткізу бұрын ірі алпауыттарға иек артқан аймақ елдерінің бүгінде көршілес елдерге көбірек мән беріп отырғанын көрсетеді",-деді.
Теһран мен Исламабадтың лаңкестікпен күрес саласында әріптестік жасау үшін келіссөздер жүргізіп жатқанына біраз болды. Кейде Теһран өзінің шығыстағы көршісін ортақ шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде салғырттық танытатыны үшін сынға алады. Иранның оңтүстік-шығысындағы кейбір лаңкестік әрекеттер Пәкістан территориясындағы қауіпсіздік шараларының кемшін тұстарынан туындап отыр. Кемшін тұстар Иранның кейде бұл аймақтағы лаңкестермен әсерлі түрде күрес жолында ауыр шығын көруіне себеп болып отыр.
Бұрын Вашингтонмен лаңкестікпен күрес саласындағы әріптестіктің Пәкістанның тәуелсіздігін қаншалықты аяқ асты еткенін және қазір де Вашингтонның ұшқышсыз ұшақтарының Пәкістан үкіметінің рұқсатынсыз бұл елдің әртүрлі аудандарын бомбалап жатқанын жақсы білетін Исламабад енді Вашингтонмен шығыны көп әріптестіктен гөрі лаңкестікпен күрес саласында Иранның оң жетістіктерін пайдалануды көздеп отыр.
Басқа жағынан лаңкестікпен күрес жолдарын талқылауға арналған отырыс өткізу аймақтың басқа елдеріне де Теһранмен әріптестікті арттырып, қауіпсіздік саласында келісімшарттарға қол қойып, терроризмнің сұрқия көлеңкесінен құтылуға берілген мүмкіндік болып табылады.
Қазіргі таңда Иран мен басқа кейбір елдердің, атап айтқанда Ресейдің әсерлі қатысуының арқасында Сирия мен Иракта өзіне орын таппаған ДАИШ лаңкестік тобы жаңа жерлерді жаулап алуды көздеп отыр. Ауғанстан, Орта Азия, Ливия мен Мысырдың шөлдері ДАИШ-тың қайта жандану үшін таңдаған жерлерінің қатарына жатады.
Кейбір ақпараттардан АҚШ-тың ДАИШ қолбасшыларына Сириядан шығып, әлемнің басқа аймақтарында қайта күш жинап, текетірес тудыруға көмектескені белгілі болып отыр. Осындай кеңістікте аймақ елдері қорғаушы күшті қажет етеді. Бұл күш оларды терроризмнің қатерінен қорғап, ДАИШ-қа аймақта қайта бүлік шығаруға жол бермейтін болады.
Бұл күштің Теһран екендігінде күмән жоқ. Иран Таяу Шығыс елдеріне дін мен географиялық жағдай бойынша жақын және әлемнің ең мықты лаңкестік тобын жеңу тәжірибесіне ие. Бұл лаңкестік топты 50-ден астам елден тұратын коалиция жеңе алмады.
Теһранның лаңкестікпен күресіп жатырмыз деп уәж айтатын басқа елдерден айырмашылығы мынада: Иран терроризммен қатынаста екі түрлі стандарт қолданудың орнына тайпасы мен мазхабына қарамай, барлық лаңкестік топтармен күресті және бұл жолда саяси-экономикалық артықшылыққа қол жеткізуді көздеген емес.
Тегтер