Сафави: АҚШ пен Түркияның Сириядағы құзыры заңсыз
(last modified Wed, 24 Jan 2018 09:08:14 GMT )
Қаң 24, 2018 15:08 Asia/Almaty
  • Сафави: АҚШ пен Түркияның Сириядағы құзыры заңсыз

Бүкіл Қарулы күштердің бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі АҚШ пен Түркияның Сириядағы құзырын заңсыз деп атады.

"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бүкіл Қарулы күштердің бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі Сейед Яхия Рахим Сафави сейсенбі күні «Қасиетті қорғаныс» кітабына арналған 17-ші отырыстың аясында Теһранда Түркия әскерилерінің Сириядағы араласушылығы туралы: "Түркия кейбір мәселелерде АҚШ-пен келісіп, америкалық стратегияға сай әрекет етуде. АҚШ Сирияның солтүстігінде 30 000 адамдық жаңа күш құрғысы келеді. Бірақ оған Түркия қарсы. Басқа жақтан, егер күрдтер аймақта автономия құрғысы келсе, Жерорта теңізінің суын қажет ететін болады. Сондықтан Афринды басып алды. Күрдтердің бұл жерде орналасуы Сирияның ұлттық егемендігін бұзу саналады. Түріктердің Африн аймағына кіруі Сирия мен Түркияның қарым-қатынасына  қиындық тудырады",- деді.

 

 

Тегтер