Рухани: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзатын болса, өкінеді
(last modified Sun, 18 Feb 2018 10:52:07 GMT )
Ақп 18, 2018 16:52 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ

ИИР Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан кейін АҚШ-тың саудаласуын күлкілі іс деп атап: "АҚШ саясатты саудамен шатастырмауы керек. Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзатын болса, АҚШ үкіметі мен халқы өкінетін болады",-деді.

Хасан Рухани сенбі күні Нью-Делиде Үндістанның ORF институтының зерттеушілері мен ғалымдарымен кездесуінде АҚШ-тың Иран мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ғана емес, өзінің уәде бұзушылықтарына қатысты әлемнің қоғамдық пікірімен бетпе-бет келіп отырғанын айтып: "Бұл бағдарлама – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде расталған жеті елдің келісімі. Исламдық-ирандық мәдениет бойынша, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бұзылмайынша, Теһран оны бұзбайды",-деді.  

ИИР Президенті адамзат баласының мыңдаған жыл бойы лаңкестік және қатігездік сияқты қиыншылықтармен бетпе-бет келіп отырғанын айтып: "ДАИШ АҚШ үшін жақсы құрал болды. Егер қажет болса, оның дәлелері әлемге түсіндіріледі",-деді.

ИИР Президенті әлемнің саясаткерлерінде адамгершіліктері болмаса да, тым болмағанда өз халқына өтірік айтпау қажеттігіне тоқталып: "Ақлақсыз саясат уәде бұзушылықпен қосылып, әлемнің қиыншылықтарын шеше алмайды",-деді.