Насер Абушариф: Сионистік режим жойылуға жақын қалды
Теһрандағы Палестина Исламдық джихад қозғалысының өкілі: "Палестиналық қарсыласу қозғалыстары да сионистік режимге толығымен қарсы болып отыр. Илаһи көмектің арқасында бұл режимнің жойылуына аз қалды",- деді.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирандағы Палестина Исламдық джихад қозғалысының өкілі Насер Абушариф жексенбі күні Теһранда өткен Палестинаны қолдайтын белсенділер конференциясында Құдсқа оралу мәселесін кесімді илаһи уәде деп атап: "Кейбір араб-мұсылман елдері жетекшілерінің сионистік режиммен ашық байланыс орнатып, ол режиммен бағыттас болып отырғаны өкінішті.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің немесе Араб елдері одағынан басып алынған жерлерді азат ету күтілмейді. Келіссөздердің де пайдасы шамалы. Қазіргі жағдайда тек қарсыласу ғана сионистік режимнің басқыншылығының жалғасуына тосқауыл бола алады",- деп баса айтты.